ЕЛОРДА ТОЙЫ – ЕЛ ТОЙЫ

0 73

Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов қала әкімдігінің кеңесінде елорда күнін мерекелеудің қорытындыларына баға берді. «Әркімге өз учаскесінде атқарған еңбегі үшін алғыс білдіргім келеді. Мемлекет басшысы осы шаралардың өткізілу деңгейі жыл сайын артып келе жатқанын атап өтуде», – деді әкім.

«Біз сіздермен бірге жоспарланған барлық 78 іс-шараны өткіздік. Жалпы алғанда аталған шараларды көруге жарты миллионнан астам адам келген. Мереке күндері қалада 20 үлкен концерт болып өтті, оларға 70000-нан аса билет сатылды. 300 000 елорда тұрғындары мен қала қонақтары ашық алаңдарға келіп, аралап қайтты. Астана күнін ұйымдастыру және өткізу, жұмыстарына 10 000-ға тарта адам жұмылдырылды», – деп хабарлады И.Тасмағамбетов.

Әкімнің айтуынша, БАҚ-тың белсенді ақпараттандыруының арқасында бүкіл елдің тұрғындары мерекелік шараларды көре алды. Елорда күніне 1000-нан астам БАҚ өкілдері тіркелген, соның ішінде 100-ге тарта шетелдік медиаагенттік бар. «Бұл – мемлекеттік мереке, ол тек біздің қалада емес, бүкіл елде тойланды. Елорда тұрғындары мен осы мерекені тамашалау үшін арнайы келген меймандар барлығын өз көздерімен көрді. Заманауи ақпараттық технологиялардың арқасында еліміздің кез-келген тұрғыны біз ұйымдастырған мерекені қарай алды»,– деді ол.

Сонымен бірге, И.Тасмағамбетов жиналыс барысында тұрғын үй және әлеуметтік сала нысандарының құрылысы, жаңа оқу жылы мен күзгі-қысқы жылу беру маусымына дайындыққа байланысты инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − 17 =