Елорда тойы – ел тойы

0 16

Нұр-Cұлтан қалалық Мәдениет басқармасы елорда күніне арналған мерекелік іс-шаралар легін бастады.

Биылғы мереке өзгеше форматта ұйымдас­тырылып отыр. Соның бірі ретінде бейсенбі күні елорда әкімдігінің мемлекеттік академия­лық филармониясы «Құттықtimes Astana» атты жұртшылыққа мерекелік концерт ұсынды.
Бұл бағдарлама аясында әртістер бас қала көшелерін екі қабатты автобуспен аралап, Есіл өзенін кемемен жүзіп, тұрғындар мен қала қонақтарының есінен кетпейтін тамаша кеш сыйлады. Сазды әуенге толы кеш барысында елордалық симфония­лық оркестр, сондай-ақ талантты жас әншілер жүректі нәзік сырға бөлейтін әсерлі әндерді шырқап, көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Астана күніне арнал­ған осындай сазды ­әуенге көмкерілген кеш 3-4 шілдеде жалғасын табады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven + 11 =