Елорда тарихынан сыр шертеді…

0 61

Бұл мәдени шара қаланың тарихи ескерткіші саналатын көпес «Василий Кубриннің» үйінде өтуде. Көрмеге еліміздің бас шаһарының қалыптасуы мен даму жолынан сыр шертетін фотоматериалдар мен архивтік құжаттар ұсынылды. ­­Сонымен бірге көрермендер мемлекетіміздің өткен жолына қызықты саяхат жасай алады.
Фотоқұжаттық көрме өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан басталып, бүгінгі күнге дейінгі аралықты қамтиды. Онда қалалық мұрағат, ҚР Тұңғыш Президенті-­Елбасының кітапханасынан, ҚР Президентінің архивінен алынған 100-ден астам фотоматериалдар мен архивтік ­құжат қойылды.
Сонымен бірге Елбасының әлеу­меттік-маңызды нысандардың ашылуына қатысқан сәттері мен Нұрсұлтан Назарбаевтың халық­аралық ұйымдардың жиындарындағы әлемдік көшбасшыларымен кездесіп, бірге түскен суреттерін көресіз.
Көрме 10 шілдеге дейін жалғасады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × five =