Елорда шежіресінен сыр шертеді

0 57

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы астана күніне арналған іс-шаралар топтамасы аясында «Елбасының асқақ арманы» виртуалды көрмесін ұсынды.Көрме Тұңғыш Президенттің жеке мұрағатынан, Елбасы кітап­ханасының кітаптық және музейлік жинақтарынан алынған материалдарды талдау негізінде астананың қалыптасу және даму тарихын кешенді зерттеудің нәтижесі саналады.
Виртуалды көрме үш бөлімнен тұрады. Бірінші «Н.Ә.Назарбаев – астананың бас сәулетшісі» бөлімінде Елбасының жаңа елордаға шығыс пен батыстың үздік технологиялары мен дәстүрлерін біріктірген қайталанбас сәулет келбетін беру жөніндегі шығармашылық идеяларын іске асыру туралы баяндайды. Екінші «Нұр-Сұлтан – егеменді Қазақстанның жаңа астанасы» бөлімінде әлемдік қауымдастық үшін елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайының индикаторы, бірегей қазақстандық даму жолының бейнесі болып табылатын жаңа елорданың қалыптасу тарихы көрсетілген. Үшінші «Нұр-Сұлтан – дипломатия, бітімгершілік және халықаралық даму орталығы» бөлімінде ұсынылған материалдар жас қаланың және жалпы мемлекеттің халықаралық мәртебесін нығайтуға ықпал еткен елорданың жаһандық ауқымдағы маңызды оқиғаларын бейнелейді.
Бір сөзбен айтқанда, «Елбасының асқақ арманы» виртуалды көрмесі қалың көпшілікке еліміздің бас шаһар шежіресімен танысуға мүмкіндік береді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 4 =