Елорда құрамасы топ жарды

0 96

Ақтау қаласында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сыйлықтарына VI халықтық спорт ойындары өтті. Төрт жылда бір ұйымдастырылатын кешенді жарыста 13 спорт түрінен 2500-ден аса спортшы бәсекеге түсті. Астана қаласының құрамасы бәрінен озып, жалпықомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.

«Спортшыларымыз елорда Қазақстанның қаржылық және мәдени орталығы ғана емес, спорттық астана атануға лайық екендігін дәлелдеді. Бұл бәріміз үшін зор мақтаныш» дейді Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов.
Астана құрамасының сапында 113 адам өнер көрсетті. Жүгіруден спорттық бағдарлау мен асық атудан ерлер командасы көш бастады. Бес тас ойынында әйелдер құрамасы екінші орынды иеленді. Гирь көтеруден астаналық құрама үшінші орын алды. Осының бәрін қосқанда ең жоғары ұпай жинап, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.
Жарыс қорытындысында Шымкент қаласы екінші, Шығыс Қазақстан облысының құрамасы үшінші орынға табан тіреді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three + 14 =