ЕЛОРДА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

0 90

Елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында Астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин ЭКСПО көрмесі кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қатаң тәртіпте жазасын өтегендердің қалаға келуіне тыйым салу ұсынысы жөнінде мәлімдеме жасады.

????????????????????????????????????

Шаһар басшысының орынбасары қала қауіпсіздігі үшін жасал­ған ұсыныс бас бостан­ды­ғынан айыру орындарынан босаған адамдардың барлығына емес, оның ішінде тек қатаң әрі ерекше режімдегі ЕЦ-166/10 және ЕЦ-166/5 түзеу мекемелерінде жазасын өтегендерге ғана қатысты екенін нақтылап айтты.
Оның айтуынша, 1 қаңтардан бастап аса ауыр қылмыс жа­сағандар бостандыққа шығады. Олар – кісі өлтірушілік, зорлау, сексуалдық сипаттағы күштеу әрекеттері, қарақшылық бойынша сотталғандар.
– 1 қаңтардан бастап олардың тұратын жерін таңдауға құқы бар. Ол Астана болуы да мүмкін. Сондықтан қалаға 380 адам келу мүмкіндігі болжануда. Әрине, оларды әлеуметтендіру қажет: тұрғылықты жер, жұмыс табуы керек. Олардың ортаға бейімделу оңай болмайтынын ескеріп, қатаң және ерекше тәртіптегі колониялардан шыққандардың 1 қаң­тардан 1 қазанға дейін Астанаға кел­мей тұра тұруы туралы ұсыныс жасадық, – деді Андрей Лукин.
Сонымен қатар, қаладағы қаң­ғыбастарды азайту үшін шаралар қабылдау керектігі сөз болды.
Былтыр тұратын жері белгі­лен­беген 1275 адам жүгініпті. Келесі жылы бұл көрсеткіш ұлғаяды. Осы мәселені реттеу үшін жұмыстар атқарылмақ.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 − one =