Елорда қарқынды дамып келеді

0 44

Қала әкімі Алтай Көлгінов қалалық мәслихаттың кезектен тыс XIII сессиясына қатысып, депутаттарға елорданың әлеуметтік-экономикалық даму барысы жөнінде есеп берді. Өз есебінде шаһар басшысы атқарылған жұмыстар, алдағы жоспар, өзекті мәселелерді шешудің жай-жапсарына тоқталды.

image-25-10-21-02-20
image-25-10-21-02-20-1
image-25-10-21-02-20-2
image-25-10-21-02-20-3
image-25-10-21-02-20-4
image-25-10-21-02-20-5
image-25-10-21-02-20-6
image-25-10-21-02-20-7
image-25-10-21-02-20-8
image-25-10-21-02-20-9
image-25-10-21-02-20-10
image-25-10-21-02-20-11
previous arrow
next arrow

– Елорда Алматыдан Ақмолаға көшірілген алғашқы жылдардан бері әкімшілік-іскерліктің ордасы болуымен бірге кәсіпкерліктің де қаласы ретінде қалыптасып келеді. Мәселен, қаланың биылғы республикалық бюджетке жасайтын түсімі 1 триллион 211 миллиард теңге көлемінде болады деп болжанып отыр. 2007 жылы бұл көрсеткіштің 134,7 миллиард теңге болғанын есепке алсақ, қаланың экономикалық көрсеткіштерінің даму қарқынын аңғару қиын емес.

Экономикалық көрсеткіштердің артуы қаладағы бірқатар өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге де негіз болды. Мәселен, өткен жылы қалада 8 үш ауысымды мектеп болса, биыл олардың саны екі есе төмендеді. Ал оқушылардың саны мектептің сыйымдылығынан едәуір артқан мектептердің саны 22-ден 14-ке дейін азайды.

Коронавирустық инфекцияның таралуы бізге үлкен сабақ болды. Сондықтан қалаға тағы инфекциялық стационар салу қажеттілігі туындап отыр.

Қала тұрғындарына өмір сүруге қолайлы орта жасаудың барлық тетіктері қарастырылған «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» шебер жоспары бекітілді. Жоспар қала тұрғындарының негізгі қажеттіліктерімен бірге шаһардың шырайын келтіретін жобаларды да қамтиды, – деді Алтай Сейдірұлы.

image-25-10-21-03-39
image-25-10-21-03-39-1
image-25-10-21-03-39-2
image-25-10-21-03-39-3
image-25-10-21-03-39-4
image-25-10-21-03-39-5
image-25-10-21-03-39-6
image-25-10-21-03-39-7
image-25-10-21-03-39-8
image-25-10-21-03-39-9
video-25-10-21-03-39
previous arrow
next arrow

Шаһар басшысы қаламен бірге қала маңындағы тұрғын алаптардың назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Жыл басынан қаладағы тұрғын алаптарда жалпы ұзындығы 40 шақырым болатын 78 көшеге асфальт төселді. 6 қоғамдық кеңістік салынып, 9 аулаға тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне арналған инфрақұрылыммен жабдықталған.

image-25-10-21-03-58-1
image-25-10-21-03-58-3
image-25-10-21-03-58-4
image-25-10-21-03-58-5
image-25-10-21-03-58-8
image-25-10-21-03-58-10
image-25-10-21-03-58-13
image-25-10-21-03-58-15
previous arrow
next arrow

Бас қалада жыл санап қарқын алған құрылыс коммуналдық шаруашылық саласында да ауқымды қажеттіліктерді қажет етеді. Мәселен, қазіргі таңда елордалықтар тәулігіне жалпы көлемі 290 мың текше метр болатын ауызсу тұтынса, қаланың өсуімен тұтыну көлемі де артуы мүмкін. Бұл мәселе жаңа сорғы-сүзгі стансасын пайдалануға берумен шешіледі. Қазір құрылысы жүріп жатқан нысан іске қосылған соң қалаға тәулігіне 105 мың текше метр көлемінде тіршілік нәрі беріледі. Сол секілді жылумен қамтудың тәуліктік көрсеткіші де жаңа жылу электр орталығының іске қосылуымен ұлғаймақ.

image-25-10-21-02-30
image-25-10-21-02-30-1
image-25-10-21-02-30-2
image-25-10-21-02-30-3
image-25-10-21-02-30-4
image-25-10-21-02-30-5
image-25-10-21-02-30-6
image-25-10-21-02-30-7
previous arrow
next arrow

Елорданы газдандыру жобасы аясында жеке тұрғын үйлермен бірге 19 әлеуметтік нысан мен 1,2 жылу электр орталығы да кезең-кезеңімен көгілдір отынға қосылады. Ал жылыту маусымында көмір тапшылығын туындатпау үшін қала әкімдігі «Қазақстан теміржолы» акционерлік қоғамымен көмір сататын орындарға күніне 45 вагон қатты отын жеткізу бойынша келісімге келді. Көмір өндіретін кәсіпорындармен тұрғындар тарапынан сұранысқа ие «Қаражыра», «Шұбаркөл» сұрыпты көмірдің тапшылығын туындатпау туралы да келіссөз жүргізілген.

image-16-10-21-02-31-1
image-16-10-21-02-31-3
image-16-10-21-02-31-4
image-16-10-21-02-31-5
image-16-10-21-02-31-6
image-16-10-21-02-31-7
image-16-10-21-02-31-15
image-16-10-21-02-31-16
image-16-10-21-02-31-18
previous arrow
next arrow

Халық қалаулыларына есеп берген қала әкімі шаһардағы әлеуметтік қорғау, бизнес­ті дамыту, цифрландыру жобалары мен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын іске асырудың барысына да тоқталып өтті.

image-25-10-21-02-34
image-25-10-21-02-34-1
image-25-10-21-02-34-2
image-25-10-21-02-34-3
image-25-10-21-02-34-4
previous arrow
next arrow

Қала әкімінің баяндамасынан соң қалалық мәслихат депутаттары мектеп оқушыларын тамақтандыру сапасы, Талдыкөл төңірегіндегі қалыптасқан түйткілдер турасында сұрақ қойды.

Сессия отырысында бұдан бөлек, қала тұрғындарын көмірмен қамту, бюджетті тиімді жоспарлау, LRT құрылысы, әуежай маңындағы жер телімдерінде тұрғын үй құрылысын жүргізуге тыйым салу мәселелесі де көтерілді. Шаһар басшысы депутаттар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап беріп, қала әкімдігінің елордалықтардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында мәслихатпен тығыз байланыста жұмысты жалғастыра беретінін жеткізді.

 

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 + thirteen =