Елорда – мәдениеттің де ордасы

0 489

Бұрнағы күні Үкімет отырысында еліміздің Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай «Астана – түркі әлемінің мәдени елордасы» және «Астана – достастықтың мәдени елордасы» атты іс-шараларды өткізудің барысы туралы баян етті.

ТҮРКСОЙ-ға мүше 14 елдің ішінде Астана ең бірінші болып мәдени елорда мәртебесін иеленді және 2012 жылы А тана жылы деп жарияланды. Министр хабарлағандай, Астана қаласының әкімдігі мен министрлік бірлесе отырып ≪Астана – түркі әлемінің мәдени елордасы≫ жылын өткізу жөнінде нақты жоспар әзірледі. Жоспар бойынша, түркі тілдес елдермен түрлі форматтағы бірқатар шаралар жоспарланған. ≪Астана – түркі әлемінің мәдени елордасы≫ жылының аясында ≪Жаңа мыңжылдықтың жаңа астанасы≫ атты фотосуретшілердің халықаралық кездесуі, мүсіншілердің 5-кездесуі, Қазақстандағы Әзірбайжанның мәдениет күндері (маусым айында), фольклорлық би топтарының фестивалі, ≪Астана төңірегіндегі мыңжылдық≫ атты көшпелі өркениеттер фестивалі және тағы да басқа шаралар өтеді деп күтілуде. Өткен жылы 20 желтоқсанда Мәскеуде өткен ТМД елдері Мемлекет басшыларының бейресми саммитінде ≪Достастықтың мәдени елордасы –2012≫ ілкі жобасын Астанада іске асыру туралы шешім қабылданған болатын. Былтыр Гомель (Беларусь) мен Ульяновск (Ресей) қалалары Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мәдени елордалары болған еді. Ал 2012 жылы Астана мен Мары (Түрікменстан) қалалары Достастықтың мәдени елордалары атанып отыр. Мәдениет және ақпарат министрлігі Астана әкімдігімен бірлесіп, ұйымдастыру комитетін құрды. ≪Жаңа әлемдегі еуразиялық мәдениет≫ атты халықаралық форумды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді және ағымдағы жылы 15 маусымда Астанада осы форум өткізілді. Жыл бойына ТМД елдері заманауи композиторларының камералық музыка фестивалін, ТМД елдері этнографиялық фильмдерінің ≪Самұрық-Этно-Фест≫ кинофестивалін, Дельфий ойындарын, жетекші театрлар мен өнер ұжымдарының гастрольдік концерттерін өткізу жоспарланып отыр. Және тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету мақсатында Астанада ТМД елдері кітапханашыларының форумы мен семинар-практикумдар өткізіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 − nine =