Елорда коменданты үндеу жолдады

0 7

Нұр-Сұлтан қаласының коменданты Ержан Сәденов қала тұрғындарын төтенше жағдай режимі аясында қабылданған шараларды бұзбауға шақырды.

5629ff231764f5aa3352c3f02e6854ae_M

Коменданттың айтуынша, қазір елордада жағдай тұрақты. Бір тәулік ішінде қалада 8 қылмыс жасалды, 83 жол-көлік оқиғасы тіркелді, нәтижесінде екі адам зардап шекті. Сондай-ақ 464 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 183-і – тиісті ережелерді бұзу, 36-сы – қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішу және 18-і – халықтың көші-қоны саласында бұзушылық фактілері. Қала периметрі бойынша тәулік бойы 6 блокпост жұмыс істейді. Қала комендантурасы таратқан ресми мәлімет бойынша төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бері 200-ден астам адам ұсталды. Оның ішінде 28 адам әкімшілік қамауға алынған.

«Төтенше жағдай кезінде жалған хабарламалар пайда болды, олар тоқтатылды. Тұрғындардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз. Жалған ақпарат таратудың 3 фактісі анықталды. Барлық факті бойынша қылмыстық істер қозғалды. Жалған ақпарат таратуға жол берілмейтіні туралы ескертемін. Төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК 274-бабына сәйкес, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Тағы да еске саламын, төтенше жағдай кезінде құқыққа қарсы іс-әрекет жасау жағдайды ауырлататын мән-жай болып саналады және неғұрлым қатаң жа­уапкершілікке әкеп соғады. Құрметті тұрғындар, коменданттық сағатты бұзбаңыздар, заңға бағыныңыздар және тыныштықты сақтаңыздар» делінген елорда комендантының үндеуінде.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − one =