Елорда командасы – чемпион

0 12

Алматы қаласында 12-13 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында су добынан Қазақстан Республикасы чемпионатының соңғы турының финалдық ойындары өтті. Тартысқа толы жарыста елордалық команда чемпион атанды.

Жарыстың финалына Алматы, Атырау, Ақтөбе, Көкшетау, Тараз қалаларының командалары қатысты. Нұр-Сұлтан қаласының құрамасы барлық матчта жеңіске жетіп, үздік нәтиже көрсетті.
Жалпы қорытынды есепте бірінші орынды 10 ұпаймен Нұр-Сұлтан спортшылары жеңіп алса, екінші орынды 7 ұпаймен Тараз иеленді. Ал үздік үштікті 5 ұпаймен Ақтөбе түйіндеді.
Осы жастағы спортшыларға 2024-2036 жылдары өтетін Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғайды деп үміт артылып отыр. Нұр-Сұлтанда су добының бірегей базасы құрылды, оның жаттығу процесін қазіргі Олимпиада чемпиондарын тәрбиелеген балалар су добынан шақырылған сербиялық маман Небойша Обрадович басқарады. «Бұл жетістіктер елорда әкімдігі мен Нұр-Сұлтан қаласының Спорт басқармасы тарапынан балалар су добын қаржыландырудың арқасында мүмкін болды. Елдегі су добы жыл сайын дамып келеді, спортшылардың бәсекесі мен шеберлігі артты. Биыл Астаналық су добы мектебі өзінің он жылдығын атап өтіп жатыр» деді су добынан қаланың аға жаттықтырушысы Әділ Темірханов.
Айта кетейік, ел чемпионаты эпидемиологиялық жағдайға байланысты жанкүйерсіз өтті. Ал бәсеке барысында санитарлық нормалар мен талаптар толықтай сақталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × one =