ЕЛОРДА ИНВЕСТИЦИЯСЫ ЕКПІНДІ

0 132

Астана қаласы өмір сүру жайлылығы жағынан ғана емес, инвесторларға тартымдылығы жөнінен де көш бастап келеді.

Астана қаласы Статистика департа­ментінің мәліметінше, тек биылғы жылдың бес айының (қаңтар-мамыр) өзінде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 211 936,3 млн теңгені құраған. Бұл өткен жылдың осы мерзіміндегі, яғни, қаңтар-мамыр айларындағы көрсеткіштермен салыстырғанда 8,2 пайызға артық. Жалпы елімізге тартылған инвестицияның 9,3 пайызы Астананың үлесіне тиесілі болып отыр.
Тартылған инвестициялардың басым үлесі – 78,5 пайызы жекеменшік нысандағы кәсіпорындарды дамытуға жұмсалған. Қалған 22,4 пайызы мемлекеттік бюджет есебінен аударылып отыр. Сондай-ақ, елордалық кәсіпорындар мен ұйымдардың 61,7 пайызы меншікті қаражат болса, 2,3 пайызы банктерден несие ретінде берілген. Қалған бөлігі басқа да қарыз көздері есебінен болып отыр.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

7 − 7 =