«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елорда есірткіге қарсы

0 8

Есірткі заттарын теріс пайдалануға және олардың заңсыз айналымына қарсы халықаралық күрес күніне орай елордада «Біз баламамыз» шарасы өтті. Шараны «Сана» жеке тұлғаны оңалту және қайта әлеуметтендіру орталығы» қоғамдық қоры мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырды.

b7e0603ece421381608edd46a78a858d_1280x720

 

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында нашақорлықтың, алкоголизмнің, құмар ойындардың, тәуелді­ліктің алдын алу және ескерту, салауатты өмір салтын, спортты насихаттау.

«Есірткіні пайдалануға қарсы іс-шараны алғаш рет өткізіп отырмыз. Біз алкоголизмді, нашақорлықты, құмар ойындар мен тәуелділікті емдеумен айналысамыз, төрт бағытта жұмыс жүргіземіз. Біздің жұмысымыз кешенді түрде жүргізіледі, яғни пациент­термен психологтар, кеңесшілер, осы жолдан өткен адамдар жұмыс істейді. Статистика бойынша 100-ден 90 пайызы оң нәтиже көрсетеді» дейді оңалту орталығының жетекшісі Руслан Қаржаубаев.

Орталық халықтың әлеуметтік қорғалмаған және тұрмысы нашар топтарына, жасөспірімдер мен жастарға: нашақорларға, маскүнемдерге, үйсіз-күйсіз, панасыз және басқа да осындай санаттағы адамдарға пәрменді көмек көрсетеді және жаңа мүмкіндік алуға мүмкіндік береді.

Елорда тұрғындары концерт тамашалап, байқауға қатысып, ұйымдастырушылардың бағалы сыйлығын алды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды