ЕЛОРДА ЕСІГІ АЙҚАРА АШЫҚ

0 101

Астана әкімдігі ЭКСПО-2017 мамандандырылған  халық­аралық көрмесі туралы промо-видео дайындады.

820c468adf9a05a00fa028a441f9f909

– Құрметті достар, Қазақ­стан­ның жүрегі – Елордаға қош келдіңіздер! ЭКСПО-2017 мамандандырылған халық­аралық көрмесі ашылды. Әлемнің 115 елінен 2 мил­лионнан астам турист келе­ді деп күтілуде. Шырайлы шаһарымызда керемет әуежай, жаңа теміржол вокзалы тұрғызылды. 200-ден астам мейманхана мен 800-ден астам мейрамхана және дәмхана жұмыс істейді. Ерекше мәдени, спорттық бағдарламалар дайындалды. Өнердің әр саласы бойынша 600-ден астам іс-шаралар назарларыңызға ұсынылады: цирк, опера, театр, джаз, рок, ұлттық музыка, фестивальдер, балаларға арналған театр, саябақтар. Спорттық чемпионаттар өткізілді. Астанадағы күндеріңіз ұмытылмастай, айрықша есте қалуы үшін біз өз тарапымыздан барлық жағдайды жасаймыз. Астанаға қош келдіңіздер!, – деді қала әкімі Әсет Исекешев.

Сондай-ақ, Астананың қонақжай­лылығы туралы «Astana Group» президенті Нұрлан Смағұлов, Қазақ ұлттық университетінің ректоры Айман Мұсақожаева, танымал волейболшы Сабина Алтынбекова, Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу да әңгімеледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − 8 =