©2020 Астана Ақшамы
Елорда боксшылары ерледі
Қазақстан Таиландта өткен халықаралық бокс турнирінде үш алтын медаль жеңіп алды.
Thailand Open-2022 турнирі АИБА аясындағы ірі халықаралық жарыстардың қатарына енеді. Осы турнирде Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен елордалық ағайынды боксшылар жеңімпаз атанды. Атап айтқанда, Нұрбек Оралбай 81 келі салмақта, ал Айбек Оралбай 91 келі салмақта топ жарды. Тағы бір алтын медальді павлодарлық Серік Теміржанов (57 келі) жеңіп алды. Сонымен қатар Қазақстан құрамасы қоржынына екі күміс және үш қола медаль түсті.