Әлеумет

Елорда базарларында баға тұрақты

Кеше Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Астанадағы ірі сауда нысандарын аралады. Атап айтқанда, «Алаш» және «Шарын» көтерме сауда базарларына, көкөніс қоймаларына және «Керуен жолы» базарындағы демалыс күндері ұйымдастырылатын жәрмеңкеге барды.

Сапар барысында министр ірі көтерме жеткізушілермен, кәсіпкерлермен және базар әкімшіліктерімен кездесті. Кездесуде сауда инфрақұрылымын дамыту, кедендік рәсімдерден өту, фитосанитариялық бақылауды жетілдіру және азық-түлік өнімдерінің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта елордадағы баға тұрақты. Сонымен қатар жаз мезгілінде министрлік инфляциялық қысымды одан әрі төмендету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу жұмыстары жалғасады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button