Елорда аспанындағы ерекше кемпірқосақ

0 13

Елорда аспанында пайда болған ерекше құбылыс қала тұрғындары мен қонақтарын таңғалдырды. Нөсер жаңбырдан кейін табиғаттың тосын құбылысы желі пайдаланушыларының көңіл-күйін көтерген болса керек, қызу талқылау туындап кетті. Тіпті ерекше көрініске куә болған қала басшысы Алтай Көлгінов те бей-жай қала алмады.

Сейсенбіде нөсер жауыннан соң астана аспаны қайталанбас ерекше күйге енді. Аспан қызарып, қаланы қақ жарған алып кемпірқосақ пайда болды. Табиғаттың осынау тосын сыйы бірнеше күнге жалғасқан нөсер жаңбырдан кейін жұртшылықтың көңіл-күйлеріне шуақты әсер қалдырды.
Бас шаһар басшысы қайталанбас көріністің суретін инстаграм парақшасына жүктеп, қала тұрғындарын сақтық шараларын сақтауға шақырды. Сонымен қатар әр шаңыраққа денсаулық пен бақыт тілеп жылы лебізін білдірді. Желі қолданушылары барынша белсенділік танытып, бұл құбылысты жарты айлық жаңбыр жауғаннан болар деп топшылады.
Айта кетейік, Қазгидрометтің хабарлауынша алдағы аптада елордада ауа райы ыстық болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × four =