Елорда әкімі есеп береді

12 ақпан сағат 10.00-де «Астана» концерт залында (бұрынғы Конгресс-холл) Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің халыққа есеп беру кездесуі өтеді.

0 20

 Шара қала әкімдігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми аккаун­тында онлайн-режимде таратылады. Желіні қолданушылар сол арқылы өз сұрақтарын қойып, қала әкімі есептік кездесуінде оларға жауап береді.Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін және халықты неғұрлым көп қамту мақсатында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (Қ.Мұңайтпасов көшесі, 5) және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде (Жеңіс даңғылы, 62) есеп беру кездесуінің трансляциясы ұйымдастырылады. Онда да азаматтар тікелей эфирде әкімге сұрақ қоя алады.
Бұған қоса, «Астана» концерт залының фойесінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі сағат 8.30-дан бастап қала әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен қала қызметтері жетекшілерінің қабылдауы мен кеңес беруі бойынша хатшылық жұмысы ұйымдас­тырылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды