Елорда әкімдігі – цифрландырудың үздік кеңсесі

0 56

Елордада Digital Bridge ІІ халықаралық технологиялық форум өтті. Алқалы жиында жетекші IT-мамандар мен кәсіпкерлер цифр­лық даму саласындағы тәжірибелерімен және инновация­лық шешімдерімен алмасты. Шара қорытындысында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі цифрландырудың үздік кеңсесі атанып, Digital Bridge Awards сыйлығын иеленді.

Форумға қатысқан Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова бас қалада цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Қазіргі кезде елордада белгілі бір мәселелерді шешуге арналған бірқатар smart жобалар жүзеге асырылуда. Smart Astana қолданбасы – мемлекеттік және коммерциялық 70-тен астам сервистер мен қызметтерді көрсетуге бағытталған. Соның ішінде дәрігердің қабылдауына жазылу, оны үйге шақырту, айыппұлдар мен әкімшілік бұзушылықтарды тексеру, дәрігердің рейтингін қарау, еңбекке жарамсыздық парағын және кең таралған анықтамаларды «шынайлығын» тексеру, «белсенді тұрғын» қызметтері бар. Цифрландырудың арқасында елорда тұрғындары қала мәселелерін шешуге қатысып, ұсыныстарын жолдай алады. Сауал­намаларды толтыра отырып, сыйлыққа алмастырып алуға болатын ұпайлар жинайды. Мұндай сыйлықтардың бірі – Smart Astana мобильдік қолданбасындағы «Атамекен» ҰКП дайындаған сауалнама-скрининг. Соны толтырып, «Астана» – «Манчестер Юнайтед» матчына билеттер ұтып алуға болады.
Биылғы қаңтар айында Сарыарқа ауданы әкімдігінде «Бюджетке қатысу» жобасы іске қосылған болатын. Мұнда тұрғындар қалалық ортаны жақсарту бойынша өз жобаларын ұсынып, оны жүзеге асыруға 500 млн теңгеге дейін ұтып алу мүмкіндігіне ие болды.
Қазір қалада ашық деректер порталы (Open Data) дамытылып отыр. Бұл 8 сала (білім беру, денсаулық сақтау, көлік, ТКШ, қала қызметтері, экология, жаңалықтар мен іс-шаралар) бойынша 20 дерек жиынтығын ұсынады. Халықтың сұранысына ие үздік 5-тікке мектептер мен балабақшалар туралы ақпарат, ауруханалар мен емханалар жайлы мәліметтер, 109 қызметіне жүгіну, автобустардың онлайн қозғалысы туралы деректер, сондай-ақ ПИК тізімі кіреді.
Сонымен қатар, «Big Data» жобасы да белсенді жүзеге асырылып келеді. Бұл – жасанды интеллект негізінде болашақ жағдайларды болжау және үлгілеу үшін үлкен көлемді деректерді басқаратын және талдайтын ақпараттық жүйе. Елордада 100% қазақстандық өнім енгізілген. Бүгінгі күні жүйе 307 бақылау нысандары бойынша 104 дереккөзін біріктіреді.
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары балабақшаға, мектепке немесе колледжге онлайн жазыла алады. Педагогтардың аттестаттаудан өту процесі автоматтандырылған. Барлық білім беру ұйымдары интернет желісіне қосылған. Мектептерде бірегей төлем жүйесі енгізіліп жатыр: бір карта – үш шешім. Бұл асханада ақшасыз есеп айырысуды, жолақысын төлеу және баланың сабаққа келуін қадағалауды біріктіреді. Барлық мектептер робототехника бөлмелерімен жабдықталған. 36 мектепте STEM зертханалары ашылып, балабақшалар базасында робототехника негіздерін зерттеу жөніндегі 20 алаң іске қосылды.
Елордада алғаш рет жеке балабақшаларда инклюзивті мектепке дейінгі білім беруге мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. Биылғы 1 қаңтардан бастап жеке балабақшалардағы мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру аудан әкімдіктерінен Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасына берілді. Электронды табельдер енгізілді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight − four =