«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елорда әкімдігі сандық басқаруға көшті

0 126

Енді Астана қаласы әкімдігінің жиын-отырыстардың барлығында есептер қатаң түрде қаланы басқарудың цифрландырылған көрсеткіші бойынша тыңдалады. Басқарудың басты мәселелері: стратегиялық Kpis, елорданы дамыту жобалары, азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу, қаланың жүйелі мәселелері – толықтай цифрландырылып, оған әкімдік басшылығы тарапынан онлайн-бақылау жүргізіледі.

Қаланың дамуы және қалалық қызмет түрлерінің стратегиялық Kpis-і үш деңгейлік жүйеге негізделген. Ондағы әрбір көрсеткішке әкімнің орынбасарлары мен басқарма басшылары жауап береді. Бұрын тиімділік көрсеткіштері жылына бір рет бағаланып, мәлімет жинау мен оларды есептеуге қыруар уақыт жұмсалатын болса, қазір олар автоматты түрде есептеледі. Өйткені ақпарат «Статистика» және «Жобалық кеңседен» алынады. Әрбір басшы жетістіктерге жету прогресін көріп, нәтижелерге қол жетпейтіндей қауіп болған жағдайда тиісті шараларды қабылдай алады.
«Тұрғындардың әкімдік жұмысына қанағаттануын арттырамыз және шағымдарын азайтамыз десек, жүйелі мәселелерді шешуге көңіл бөлу аса маңызды» деп мәлімдеді Астана әкімі Бақыт Сұлтанов.
Цифрландыруды енгізудің нәтижесінде әкімдік жұмысын бақылау бір жүйеге біріктірілді, ол қала басшылығына онлайн-тәртіппен қолжетімді. Демек, алдағы уақытта елордалықтардың тарапынан түсетін әрбір шағым назардан тыс қалмайды. Қаланың барлық жүйелі мәселелері мен дамуы нақты бақылауда болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды