Елінің ері, жұртының азаматы

0 52

…Тегінде тегін бе екен Ақан сері,
Бұл да бір емес пе екен елдің ері?
Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе,
Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді? –
деп Ілияс ақын жырлағандай, ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Педагогикалық білім беру Халықаралық Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақ Озғанбаевтың 80 жасқа толу мерейтойына арналған 3 маусымдағы Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Тарихқа тағзым» атты 5 томдық жинағының тұсаукесерінде және 4 маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде ұйымдастырылған қазақтың зиялыларының кездесуіндегі саяси және қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбаевқа берген бағасы мен құрметінің куәгері болып ұлылығына тәнті болдық.Халқымыз ежелден мерекесі мен қуанышын бөлісуді берекесі мен мерейін өсіреді деген. Осы орайда риясыз көңілмен 80 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен барша арқаның төріндегі елордалық ардагерлер атынан мерейтой иесін құттықтаймыз!
Адамның ғұмыр-жасы оның өмір сүрген жылдарының есебімен емес, соның қалдырған өшпес ізімен, халқына сіңірген еңбегімен өлшенетіні аян. Оған дәлел қарапайым ұстаздан басталған еңбек жолы аудан, облыс, республика көлемінің басшылығынан, халық қалаулысы Республиканың Жоғарғы Кеңесі, Сенат депутаты болып қызмет атқарып бүгінге дейін Республикалық ардагерлер ұйымның басшысының бірінші орынбасары ретінде, аға ұрпақ өкілдерінің жағдайын жақсартуға аянбай еңбек етіп жүрген басшы. Сондықтан, аға буын-ардагерлер өмірінің асқар биігі – Алатаудың шыңына шығып отырған, елін, жерін сүйетін, ыстығына күйіп, суығына тоңатын, қиын кезде алдыңғы шептен көрінер мемлекетіміздің қоғам қайраткері, ғұмырын Қазақстан болашағына арнаған зиялы азамат, ірі саясаткер, білікті басшы ретінде таниды.
Өмірзақ Озғанбайұлы ғұмырының елеулі белесіне ел мүддесіне адал қызмет еткен мемлекет және қоғам қайраткері ретінде үлкен абыроймен көтерілді. Ұстаз ретінде елжанды азаматтарды тәрбиелеп өсірген, бақытқа бөленген басшы. «Алты алаштың баласы жиылса, ең мәртебелі орын ұстаздікі» деген екен, халқымыздың біртуар ұлы Мағжан Жұмабаев. Ендеше қазақ халқының тілегіне берілген «Елінің ері, жұртының азаматы» деген атаққа лайықты әріптестері мақтан тұтады.
Өзағаның тынымсыз еңбек жолы, өнегелі ғұмыры, мол тәжірибесі өзін қадыр тұтатын жұртқа тұтастай үлгі екені даусыз. Бұл орайда, әсіресе ардагерлер алдындағы зор еңбегіне деген риясыз құрметімізді арнаймыз. Баянды еңбектің, биік адамгершіліктің арқасында ырысқа кенелген осынау қуанышты сәттері ешқашан сарқылмасын. Әділеттікке толы өрелі істері мен қажымас қайрат танытып, ел деп соққан жүрегінің, кеңдігі мен кемеңгерлігі арқасында ардагерлердің ықыласына бөленуде.
Қадірлі Өмірзақ Озғанбайұлының 80-жылдық мерейлі тойы құтты болсын, мықты денсаулық, берекелі ғұмыр, ұл-қыздарының, немерелерінің дәулетті шаттығына бөленіп, отбасына амандық, алтын ғасыр тілейміз.

«Ардагерлер ұйымы» РҚБ
Нұр-Сұлтан қаласы
филиалының Ардагерлер кеңесі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − six =