Елін сүйген, елі сүйген

0 101

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Жоғары көлік және коммуникация колледжінде кәсіптік-техникалық білім саласы студенттерінің арасында VІІІ дәстүрлі «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты қалалық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

Оnline форматта ұйымдастырылған мүшәйра «Елбасының сая­си қызметі» атты бейнероликпен басталды. Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова қатысушыларға жылы лебізін арнады. Колледж директоры, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, саяси ғылымдар докторы Зулфухар Ғайыпов жас ақындарға сәттілік тіледі. Бұл мүшәйра ­колледжде дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетінін, ал қалалық деңгейде екінші рет ұйымдастырылып отыр­ғанын атап өтті.
Жыр додасына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Жанат Әскербекқызы, Нұр-Сұлтан қаласы технико-экономикалық колледж директорының орынбасары Мұңсызбай Дүйсенұлы, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Нұрболат Сейітқалиұлы, Жоғары көлік және коммуникация колледжінің қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Гүлжібек Қартайқызы қазылық етті.
Мүшәйраға Нұр-Сұлтан қаласының 10 колледжінен 26 жас ақын қатысты. Қорытындысында бас жүлдені Оразай Мұхамат (Жоғары көлік және коммуникация колледжі) иеленді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five + 2 =