Еліміздің Конституциясына – 25 жыл

0 57

Құрметті елорда тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Конституция 25 жыл бойы елдегі тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етіп, жасампаздық пен прогрестің берік кепілі болып келеді.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Еліміздің Ата Заңы жаңа Қазақстан жетістіктерінің берік кепіліне айналды» деп атап өткен болатын.
Конституция қабылданған күннен бастап елімізде тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізіп жатқан маңызды реформалар жасалды.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Конституцияның жасампаздық әлеуеті әлі де зор екенін атап өтті.
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін!

Құрметпен,
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай КӨЛГІНОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three − one =