Еліміздің көк туын желбіретті

0 45

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай елордада авто-мото шеру өтті.Биыл бұл іс-шара ерекше форматта өтті деуге болады. Шеруге қатысушылар Қабанбай, Тұран, Ұлы дала, Мәңгілік ел, Тәуелсіздік көшелері арқылы 28 шақырым жол жүріп, «Отан Қорғаушылар» алаңына келіп тоқтап, Жеңістің 75 жылдығына орай монументке 75 тал гүл шоғын қойып, майдангерлердің құрметіне тазғым етті. Содан кейін олар Есіл өзенін катермен 28 шақырым жүзіп, еліміздің көк туын желбіретті.
Айта кетейік, ұйымдас­тырушылар 28 деген санды бекерге алмаған. Биыл еліміздің басты белгісі – Мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 28 жыл толып отыр.
«Астана жастары» орталығы басшысының орынбасары Аян Ерментаевтың айтуынша, бұл мәні бар іс-шараға жүзден астам қала тұрғыны мен еріктілер қатысқан.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

10 + ten =