Елі бірдің – тілегі бір

0 51

Елордада 18 қазан – Рухани келісім күніне орай дәстүрлі жиын өтті. Жиынға халықаралық конференция жұмысына отандық және шетелдік сарапшылар қатысты. Қоғамды ұлты мен дініне қарамастан біріктіруге, тұрақтылық пен келісімді сақтауға және одан әрі дамытуға бағытталған шара қатысушылары ұтымды пікірлері мен орамды ойларын ортаға салды.

Осыдан 29 жыл бұрын дәл осы күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Алматыда өткен Бірінші бүкіләлемдік рухани келісім конгресінде қатысушылар 18 қазанды Рухани келісім күні деп жариялауға шақырған манифест қабылдаған еді. Атаулы күн қарсаңында өтетін бұл жиын дәстүрге айналып үлгерген. Бұл жолғы конференция «Қазіргі заманның сын-қатерлері жағдайында конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту» тақырыбында өтті.

image-20-10-21-12-01-14
image-20-10-21-12-01-13
image-20-10-21-12-01-12
image-20-10-21-12-01-11
image-20-10-21-12-01-10
image-20-10-21-12-01-9
image-20-10-21-12-01-8
image-20-10-21-12-01-7
image-20-10-21-12-01-6
image-20-10-21-12-01-5
image-20-10-21-12-01-4
image-20-10-21-12-01-3
image-20-10-21-12-01-2
image-20-10-21-12-01-1
image-20-10-21-12-01
previous arrow
next arrow

Шараны Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы және Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы, Діндерді зерттеу орталығы ұйымдастырды. Конференцияға Парламент мәжілісі депутаттары, Қазақстан халқы ассамблеясы, орталық мемлекеттік органдар өкілдерімен қатар, Ресей, АҚШ, Пәкістан, Индия, Ливан, Қырғыстан, сондай-ақ өзге де елдерден белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, діни бірлестіктер, азаматтық қоғам институттары мен ғылыми қоғамдастық өкілдері және халықаралық сарапшылар қатысты.

Конференцияда алғашқы болып елорда әкімінің орынбасары Асхат Оралов сөз алды. Ол қатысушыларды ерекше ықыласпен қарсы алып, дәстүрлі шараның ұлтаралық және дінаралық келісімнің өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретін бірегей алаң екенін баса айтты.

«Біз қала әкімдігінде еліміздегі айтулы даталардың бірі – Рухани келісім күніне орай жиналып отырмыз. Азаматтарымыз­дың діни сенім еркіндігі мен бостандығы Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілген. Дінаралық келісім – қоғам өміріндегі маңызды жетістіктердің бірі және бірегейі. Бұл күн бүгінде өте үлкен маңызға ие. Елбасының бастамасын жалғастырып, бүгінге дейін атап өтіледі, бүкіләлемдік жиындар өткізілуде. Дүние жүзі елдері Қазақстанда Рухани келісім күнінің барына аса қызығушылық танытады» деді қала әкімінің орынбасары.

Елдегі Рухани келісім күнінің бастауында болып, осы құндылықтардың қазақ қоғамында маңызды орын алуына еңбек сіңірген Төлеген Мұхамеджанов атаулы күннің тарихына тоқталып, рухани мәдениет идея­сының бүгіннің белгісіне айналғанын алға тартты. «Бейбітшілікке мәдениет арқылы» халықаралық қауымдастығының президенті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, композитор, қоғам қайраткері өз сөзінде рухани келісімнің елдегі ахуалға әсерін де атап өтті.

«Бүгін әлемде болып жатқан шиеленістер мен оқиғалар өркениеттер дағдарысына, алыптар арасындағы дауға ұласып жатыр. Осы ретте біздің қоғамдағы биік рухани құндылық еліміздің одан әрі тұрақты өркендеуіне, Қазақстан тұрғындарының бейбіт өмір сүріп, жан-жақты дамуына, халық игілігіне еңбек етуіне мүмкіндік беріп отыр. Бұл дәстүрді сақтап қалу – біздің басты парызымыз. Өйт­кені бізге қарап бой түзейтін мемлекеттер көп» деді Т.Мұхамеджанов.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 40 түрлі конфессия мен 130-ға жуық этнос өкілдері тұрады. Елімізде 3200-ге жуық діни ғимараттар, 4000-ға жуық діни бірлестіктер жұмыс істейді. Жиында сөз алған басқа да қатысушылар мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелерді, жалпыұлттық идея негізінде қазақстандық бірегейлікті нығайту міндеттерін, сондай-ақ елімізде және әлемде дінаралық диалог пен өзара түсіністікті ілгерілетудегі азаматтық қоғам рөлін талқылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven − one =