Елеулісі еді елінің

0 124

Зымыраған уақыт-ай­ десейші!… Асыл азаматымыз­ Сұлтанбек Ысқақұлы Ысқақовтың бақилыққа аттанғанынан бері де талай айдың парағы жыртылыпты-ау!­ Арыстарынан айырылған аға-бауыр, іні-қарындас, туған-туыстарының қайғылы көңіл, сағыныш толы жаралы­ жүректеріндей… 

Иә, Алланың бұйрығына не шара. Десек те, «тас түскен жеріне ауыр». Бағдар шамдай жол сілтеп, ағайын-бауырларының тірегі мен сүйеуі болып жүрген азаматтың өмірден мезгілсіз өтуінен ауыр қай­ғы жоқ-ау өмірде! Оны немен өлшеп, немен емдегендейсің?!.

Сұлтекеңнің дүние салғанына бірер ай өтер-өтпес, Қазақстан Рес­пуб­­ли­­калық Ұлттық мұраға­ты­­ның­ көрме залында «Еңбегі ерен асыл ер» атты еске алу­ кеші өтті. Мұрағат директоры Марат Әбсе­ме­товтың тікелей бас­шы­лы­ғы­­мен көрме ұйым­дас­ты­ру­шы­ла­ры­ ар­найы зал тұғыр­ла­рын төрт бөлім­ге бөліп, С.Ысқақ­ұлы­ның тұңғыш рет 70-тен артық бірегей мұра­ғат­тық құжат, фото­сурет­тері­ мен жеке заттарын (бес­тік­ баға толған орта білім куәлігі, Қазақ поли­­тех­­ни­­ка­лық инсти­туты­ мен Алматы Жоғары партия мекте­бі­нің­ дипломдары, орден, медаль­дар,­ спорт­тық жеңіс кубоктары т.б.) көр­некі етіп орналастырып­ты.­ Проек­цион­дық экраннан, қазақ­тың ақиық ақыны Мұқағали Мақа­таев­тың сөзіне шығарған ақын әрі әнші-сазгер Е.Әбдіхалықованың «Есіңе мені алғайсың» әні және ол арасында қанымызға сіңісті мұңлы күй әуенімен кезектесе жарасты да мағыналы сүйемелденіп, көр­сетіл­ген арнайы слайд-шоудан Сұлте­­кең­нің өскен орта, өмір жолы, қызмет баспалдақтары, әріптес­тері­мен жарастығы және жора-жол­дас, туған-туыстары жайында көп­теген мағлұмат алдық.

…Сұлтанбек Ысқақұлы еңбек жолын өткен ғасырдың 70-ші­ жыл­дары­ның бас тұсында, Алматыдағы Қазақ политехникалық институтын бітірісімен, қайнаған еңбек ортасы – құрылыс саласынан бастады. Бойындағы біліктілігі мен іскерлігі қоғам­ның қай саласындағы да жауапты қызметтерді абыроймен атқаруға жол ашты. Осы тұста, Торғай өңірі­нің орталығы болған Арқалық қала­сы­ның өсіп-өркендеуіне осы қала мен облыс басшыларының бірі ретін­де де оның сіңірген еңбегі өз алдына бір төбе әңгіме. Бір ғана дерек келтірейік. Мысалы, Арқалық кезінде Бүкілодақтық комсомолдық екпінді құрылыс орыны болып жария­лан­ға­ны­ аға ұрпақтың есінде болар. Сонда жан-жақтан жиналған құрылыс отряд­тары жұмыла келе бірнеше өнді­ріс­тік және мәдени-тұрмыстық ғима­рат­­тар­ды қызу қарқынмен бастап кеп кеткенде қала мен облыс­ басшы­лары­ның ұйғарымымен жер­гілік­ті құрылыс штабын басқару Сұлтанбек Ысқақұлына тапсырылған болатын. Мұндайда кабинеттегі жұмсақ креслода жайғаса, телефонмен басқару қайда, ал Сұлтекеңнің белсендігі тіпті бөлек. Құрылыс қарқы­нын көзімен көру үшін қабат-қабат ғимараттарға бір көтерліп, бір түсіп, кейде лездемені құрылыс алаң­дарын­да да өткізе беретін.

Адал еңбек ақталмай қойсын ба!­ Сұл­те­кең­нің осындай іскерлік және ұйым­­дас­тыру­шы­лық қабілет­те­рін ескерген басшылық зор сенім артып, ол енді Арқалық қала­лық­ пар­тия­ коми­те­ті­нің екін­ші хат­шы­лық лауа­зым­дық қызме­тіне жоғары­ла­тыла­ды. Арасында Жеті­қа­ра қалалық партия комитетін­де­ дәл осындай жаупты қызметте боға­нын да айта кеткеніміз артық етпес.

– Ал, шаһарымыз аймақтың орта­лығы мәртебесін иеленгенде,­ – дейді Сұлтекеңнің ағасы Жақсы­лық­ Жүнісұлы, – көпшілік дауыс­пен­ облыс­тық мәслихаттың хатшы­лы­ғы­на сайлады. Яғни, сессияларда қабыл­дан­ған әр шешімнің орындалуын жіті қадағалады, депутаттарды Арқа­лық­тың қоғамдық өміріне етене аралас­тыра білді.

Сонымен Торғай облысының тумасы Сұлтекең 1998 жылы кәнігі маман ретінде Астанаға шақыры­лып,­ елор­да­мыз­дың алғашқы қоныс ау­да­­ру­­шы­­­лар­дың бірі атана­ды.­ Еңбек жолын әуелі еліміздің Орта­лық­ мем­ле­кет­тік мұрағатының бас­ мама­ны­ бо­лып бастайды. Көп кешік­пей ас­та­­на­­лық мұрағаттар және құжат­­та­­ма­­лар басқармасы бойынша Коми­­тет­ өкі­лет­тігінің жетекшісі бо­лып­ тағайын­далады. Ал, 2001 жылы «Астана қаласының Мұрахаттар және құжаттамалар басқармасы» ММ-ін басқарып, осы қызметте 10 жыл бойына абыройлы іс атқарады. Соңғы жылдары астанамыздың Мем­ле­кет­тік мұраға­ты­ның директоры болып тағайын­да­лып, осы кезде елдің тарихында алғаш рет қабыл­да­ған Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның «Ұлттық мұрағаттық қоры және мұрағаттар туралы» Заңын әзір­леу­ге белсене араласты.

Таңдаған жолын абыроймен жалғастырып, бірнеше жыл қата­ры­нан мұрағат ісіне жемісті еңбек сіңіріп, мұрағат қорларының кеңеюі­не­ зор үлес қосады. Ол мұрағат ісін жетік меңгерген қарымды қайраткер ғана болып қоймай, қазіргі жас буынға еліміз үшін мұрағат ісінің маңыздылығын түсіндіре білген азамат. Астана қаласы Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының ең алғашқы басшысы әрі негізін қалаушысы ретінде Елордамыздың тарихында лайықты орын алды.

Мұрағат ісінің білгірі С.Ысқа­құлы­ның талапшылдығы арқасында қысқа мерзім ішінде мұндағы негіз­гі қорлар саны 40-тан 639-ға дейін өсті. Осымен бірге құжат бірлік­тері­нің саны да 24 мыңнан 303 мың бір­лік­ке көбейді. Бұған мұрағат басшы­сы­ның уақытпен өз кезінде бірге қадам басып, қала өмірінде болып жатқан тосын жаңалықтар мен тың өзге­ріс­тер­ді терең зерделей білуі де бұл істі айтар­лықтай алға жетеледі.

Осы уақыттары мұрағатта құжат айналымының электрондық желісін құру, қолда бар құжаттарды сканерден өткізіп, оның толық есебін алу, аса бағалы да құнды құжаттар желі­сін жасау жұмыстары қызу қарқын­мен­ қолға алынды. Қазірдің өзінде Елордамыздағы Алматы, Сарыарқа аудандары қоймаларында сақталып отырған құжаттардың электрондық нұсқаларын жасау ісі өрмек жузінен ауды. Алда бұл шара Есіл ауданын да қамтыйтын болады.

Ұжымда мұрағатқа сақталуға алын­ған құжаттарды каталогтау жұмысы да оң сипат алып келеді. Ағымдағы жылдың өткен айларында 21 мыңнан астам құжаттың осылай жүйеленуі бұған басты дәлел. Мәтіндері өше баста­ған және жойылудың аз-ақ алдын­да тұрған құжаттарға «жан бітіру» ісі де Сұлтекеңнің ұдайы назарында болды. Өткен кезеңде мұра­ғат­та осындай 22424 парақ сканер­ ар­қылы өңдеуден өткізіліп, құнды дүние­лерді жұртшылық өкілдері мен ғалым­дар­дың кеңінен пайдалануына жол ашылды.

Мұрағат директоры С.Ысқақұлы халықаралық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз әріптестік байланыс орнату жұмыстарынан білгірлікпен ұйым­дас­тыра білді. С.Ысқақұлының редак­тор­­лы­­ғымен «Елорда мұрағат­та­ры­­ның­ хабар­шысы» журналы,­ Астана қала­сы­ның тарихына қатыс­ты мате­риал­дар мен ғылыми-тәжіри­бе­лік конференция баяндамалары­ негі­зін­де жақсы көркемделген, көпші­лік­тің ортақ игілігіне айналған бірқа­тар жинақтар да баспадан шықты.

Иә, мұрағаттар – ұлттық құн­ды­лық­тар қазынасы. Бұл салада кешеу қалып, елімізге қатысты шетелдерде сақталған сондай құжат жұрнақтары көшірмесінің өзін олардың сұра­ға­нын беріп қаттап жатқан жоқпыз ба. Ендеше С.Ысқақұлы осынау ділгір саламызда қайраткерлік танытқан мемлекетшіл һәм қоғамшыл тұлға. Тағы бір айтарлығы: іс тетігін кадрлар шешеді демекші, мұрағат ісінде осы жұмысқа өз жүрек қалауларымен келген жандар еңбек етеді және соларға сенім артамыз. Ұрпақ сабақ­тас­ты­ғын сақтай отырып, өткеніміз бен бүгінгіміздің тарихын зерделеу ісіне қызу атсалысатындар да солар, деген қағиданы берік ұстанған да Сұлтекең болатын. Осы сапардың басы-қасында мұрағат саласының дамуына айтарлықтай үлес қосқаны үшін «Казақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын (2008 ж.) ием­ден­ген білікті басшы, тұтас ұжым­ның дем берушісі Сұлтанбек Ысқа­қов­тай азаматтың болуы — астана­лық мұрағат ұжымы үшін зор абырой­ әрі мақтаныш. Еңбекқор және қам­қор­шы­ болған ағамыздың есімі біздің әрі ол өмірін арнаған мұра­хат­тарда да­ өшпек емес, дейді Сұлте­кең­нен тәлім алған ұжым мүшелері.

Сағидолла 
Көшімбаев

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen + thirteen =