Елеңдеу

Желіден жалқы жыр

0 11

Мен де қыр баласымын, қырда тудым,
Ішінде ыстық қайрат, нұрлы ақылдың.
Жалғыздық жанға жаман батады екен,
Қасыңда жоқтығынан бір жақынның.

Көп туды жалғыздықтың жыры биыл,
Туған жұрт, өскен мекен ұлы қиыр.
Жапанда жалғыз өскен ағаштаймын,
Жылқы көрсем жылаймын үйір-үйір.

Сен нені айтпап едің, қазағым-ай,
Бала күнде бай болдық базары бай.
Күйігімен күрестім бұл жалғанның,
Үйірінен адасқан жабағыдай.

Айбат кетер ондайда асау ұлдан,
Күн қайда туыс келіп, дос ағылған.
Бақытты бала күнді сағынасың,
Сәтінде балтыр сыздап, бас ауырған.

Маңдайыңнан күн емес, мұз өпкенде,
Табаныңа тас батып сыз өткенде.
Жырақтағы туысты сағынасың,
Сары таңды төрт көзбен күзеткенде.

Әділет АХМЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four + 5 =