Елена ХАМХОЕВА, «Ақбота» сауда ойын-сауық орталығының директоры: ҚАЗАҚЫ НАҚЫШҚА МӘН БЕРДІК

0 242

– Елена Геннадьевна, бүгін Ас­танада алғаш рет балаларға ар­нал­ған зәу­лім орталықтың тұ­сау­ке­сер рә­сі­мі өтеді. Ор­та­лық­тың ерек­ше­лі­гі неде?
– Астанада бірнеше сауда ойын-­са­уық­ ор­та­лық­та­ры­ бар.­ Тәуел­сіз­дік көшесінде жаңадан бой кө­тер­ген орталықтың ерекшелігі – үш­ қабаты да балалар әлеміне ар­нал­­ған.­ «Ақ­бо­та»­ – қа­зақ­ хал­қы­ның­ дәс­тү­рі­ мен­ әдет-ғұр­пын­да­ғы­ көр­нек­ті­ эн­ци­­к­ло­пе­дия­ бо­лу­ды­ көз­дей­ді.­ Өйт­ке­ні, мұнда ұсынылған өнімдердің тү­рі мен сипатына аса мән берілді. Қа­зақы нақышты қолдануды жөн көр­дік. Өйткені, заман ағымына сай­ бейімделген қазақтың ұлттық на­қыш­­­­та­ғы­ кез­ келген бұйымы қашан да­­ үлкен сұранысқа ие.

– Мынау «Ақботаныкі» деп ауыз­ толтырып айтатын қандай жа­ңа­шылдық бар?
– Айта кету керек, орталықтың ашы­­луына ең алдымен тәжірибелі ди­зай­­нерлер көп еңбек етті. Ойын­шық­­тар үлгісі, балалар жамыл­ғы­­сы, тағы басқа тауарларда қолдан­­ба­лы өнердің иісі аңқып тұр. Ойын­шық­тар­дың өзі арнайы тапсырыс­тар бойынша шетелде жасалды. Жаңа­шыл­дық­ де­ген­ге­ келсем, дүкеннен Әсел,­ Әділ, Назерке есімді сапалы қуыр­шақ­тарды кө­руге болады. Мұ­­ның­ өзі­ бал­ғын­дар­дың­ сүйік­­ті­ ойын­шы­ғы­на айналады деп ойлаймын.

– Басқа қандай тың жаңалықтар бар?
– Бірінші қабатында тек та­за өнімдерден дайындалатын ба­­ла­лар дәмханасы қызмет көрсете­ді. Swarovski кристалдарымен көм­ке­рілген ұлттық үлгідегі бөл­ме бар. Онда «бесікке салу», «тұсау­ке­сер»­ салт-дәстүрлерін насихаттайтын­ кө­рі­ніс­тер қойылған.
Орталықта айына бір рет көр­се­­­­ті­лімдер болып тұрады. Ол үшін ар­­найы қондырғылар орнатылып та­ қойды. Ал, алдағы уақытта бала тә­р­­­­­­­биесіне қатысты жапон техноло­гия­сы негізінде орталық ашып, жұ­мыс жүргізу жоспары да бар.

– Ашылу салтанатына кімдер шақырылды?
– Іс-шараға елордалық депутаттар, сая­сат­керлер, қоғам қай­рат­кер­лері, ме­ди­­ци­­на­ қыз­мет­кер­лері келуге ықылас білдіріп отыр. Ал, ең үл­кен қонағымыз, ол, әрине – ба­ла­лар. Ашылу салтанатында қа­­зақ­тың шілдехана тойы мен ша­­шу көрсетіліп, келген жұртқа мере­ке­лік­ көңіл-күй сыйлаймыз.
– Әңгімеңізге рахмет!

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

7 + twenty =