Электрондык әкімдік. 2-3 қазан.

0 152

  «МҰРАГЕР» КЕТІРІП ЖҮР МАЗАМЫЗДЫ

Энергетик кентінің Романтиктер көшесіндегі 19-үйде тұра­мын. Көрші үйден «Мұрагер» бала­бақшасы ашылған. Арамызды тас­тан қаланған дуал бөліп тұр. Ма­ңайда бүлдіршіндердің шат күлкісін естіп жүрген жақсы-ау. Тек бір ыңғайсыз жері, балалар сыртқа ойнауға шыққанда шарбақтан ойыншық, доп, таяқ, тіпті, кесек лақтырып, мазамызды алады. Аулада көлігіміз тұрады, ертең терезесі шағылып қалса, әлде басқалай жағдай болса, кім жауап береді? Мейлі, көлікті қойшы, түнеукүні немерелерім ойнап жүргенде арғы жақтан қолдың басындай кесек ұшты. Абырай болғанда, тимей қалды. Тәрбиешілер қайда қарап жүр? Бірнеше мәрте ескерттік те. Жорта жымиып, бас изеп шығарып салды.

Гүлсина Нұрмағамбетова

Өтініш 26 қыркүйекте түсіп, 5 күнде жауап берілді.

Білім басқармасы:

– «Мұрагер» балабақшасының меңгерушісі Сәулет Қабиқызының айтуынша, тәрбиешілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталмыш мекеменің әкімшілігі сіздерден кешірім сұрайды және таяуда қоршауды биіктетуді қолға алады.

Квота да, көңіл де сатулы ма?

Үш жасар қызым Әнел Жандиярова мамыр айынан бастап теміреткі дертіне шалдықты. Тұрғылықты мекен жайымыз бойынша №4 емханаға қараламыз. Бес ай өтті, дәрі­герлер емдеудің жолын көр­сете алмай келеді. Педиатры­мыз маман дәрігерлерге жіберді. Олардың біразы ақылы түрде қабылдайды. Тегін қарайтындарының өзіне бір ай бұрын жазылып барып, зорға кіресіз. Талдауларды да ақы төлеп тап­сырдық. Өз балаңнан ақша аямайсың ғой. Бірақ ешқандай өзгеріс, нәтиже жоқ. Учаскелік педиатр Гайнуллина Людмила Сергеевнадан «квота бере аласыз ба?» деп сұрап едім: «Жоқ, бере алмаймыз. Аса қорқынышты дерт емес қой» деп селқос жауап берді. «Жаны ауырмастың қасында басың ауырмасын» деп айтушы еді қазекем. Дәрігерім осылай немқұрайдылық та­нытқанына реніштімін. Әлде квота да, көңіл де сатулы ма?
Қорқатын түгесі жоқ де­гені
несі, сәбиімнің шашы өспей қалса? Квота бөлуге көмек­тесіп, жақсы маманға жібе­руіңізді сұраймын.

Фариза

Өтініш 23 қыркүйекте түсіп, 3 күнде жауап берілді.

Денсаулық сақтау басқармасы:

«№4 қалалық аурухана» МҚК-ға қатысты шағымыңыз бойынша қызметтік тергеу жүргізілді. Сіздің балаңыз 2013 жылдың 4 маусымынан бері Л.С.Гайнуллинаның бақылауында. Әуелі дәрігерге балаңызды тыныс жолында жіті вирустық инфекция бар ма деген күдікпен көрсетіпсіз. Қаралу барысында басының әрбір жері қасқаланып қалғанын қоса айтыпсыз. Осыған орай, дәрігер сізге тері-венерологиялық аурулар диспансерімен, №2 қалалық балалар ауруханасының аллерголог дәрігерімен кеңесуге жолдама береді. Сонымен қатар, әжесінің тегін қарау туралы сұрағына дәрігер «Дерматолог, аллерголог дәрігерлердің қорытындысынан кейін квота бойынша республикалық диагностикалық орталықтан өтуге мүмкіндік бар» деп жауап берген. 14 маусымда учаскелік дәрігер баланы көруге үйіңізге барған кезде, сіздердің жекеменшік емхана мамандарына көрінгендеріңіз, олардың паразитарлы және басқа да инфекцияларды анықтау үшін тексеріс жасауға кеңес бергені мәлім болды. Яғни, сіз айтқандай дәрігер өз бетінше ақылы медициналық қызметке жөн сілтемеген. Арадағы түсініспеушіліктің анық-қанығына жету үшін және баланы емдеуге толыққанды көмек алу үшін №4 емхананың бас дәрігерінің орынбасары А.К.Дәулетбековаға жолығуыңызды өтінеміз. №301 кабинет, телефондары: 57-28-65

Жолақжол салмай жөнге келмес

Сарыарқа мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында жаяу өткінші жолы белгі­лен­беген. Көліктер адамдардың жолын кес-кестеп, оңайлықпен өткізбейді. Екі жағына да жолақжол салса, дұрыс болар еді. 

Әли БЕКОВ

Өтініш 26 қыркүйекте түсіп, 6 күнде жауап берілді.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы:

– Көрсетілген жерге жолақжол салынды. 

 Бас көшенің бойында баллон сақтайды

Қабанбай батыр даңғылындағы дөңгелек алаңда орналасқан «Меруерт», «Қышлақ» мейрамханаларының дәл үстіндегі шошала тектес қоржын үйдің ішінде газ баллондары сақталады. Қазір әлгі көзге қораштау жерді кеңейтіп жатыр. Сонда өрт шығу қаупі бар затты «Қазмұнайгаз» сияқты маңдайалды мекемеге таяу жерде еркін сақтай беруге рұқсат бар ма? Қабанбай батыр даңғылы қаланың бас көшесі емес пе? Сәулет және қала құрылысын бақылау қызметтері қайда қарап отыр?

К.Сейілов

Есіл ауданының әкімдігі:

–Аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармамен бірлескен тексеріс нәтижесі сіздің сөзіңіздің растығына көз жеткізді. «Қышлақ» мейрамханасының әкімшілігі аталған жерден баллондарды алып кетті. Нысанды өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша жоспардан тыс тексеру үшін Есіл ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына өтініш жолдауыңыз керек. Мекенжайы: Керей, Жәнібек хандар көшесі, 8-үй. Тел: 42-05-50 

Төлеқабаттағылар төзімді тауысты

188-көшедегі біз тұратын 14/2 үйдің төлеқабатында біреулер тұрады. Білуімше, төлеқабат тұр­ғын жайға арналмаған. Кейде те-
ре­зеден олардың үйден шыққан қоқыс­тарын жол бойына лақтыра сала­тынын байқаймын. Олардың бұл жерде заңды түрде тұрып жат­қанын қайдан білсем болады? Тым болмаса, көшеге қоқыс төкпесін деп тәртіпке шақырса деймін.

Гауһар Мақажанова

Өтініш 19 қыркүйекте тіркеліп, 6 күнде шара қолданылды.

Ішкі істер департаменті:

 

 –Шағымда көрсетілген факті бойынша Сарыарқа ауданы ішкі істер басқар­масының тәртіп сақшылары тексеріс жүргізді. Нәти­же­сінде, ол жерге «АгропромгражСтрой» ЖШС басшы­лығының рұқсатымен серік­тестік қызметкерлері уа­­қытша қоныстанғаны бел­гілі болды. Барлығы да Қа­зақ­стан азаматтары. Десе де, «АгропромгражСтрой» 
басшылығына қызмет­кер­лерін тұрғын жайға ар­нал­маған жерден жұмыс­шы­ларын көп ұзарт­пай шы­ға­руға нұсқау берілді.

Дайындаған Әділбек ЖАПАҚ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine + 19 =