ЭЛЕКТРОНДЫ ВИЗА ҚОЛДАНЫСҚА ЕНЕДІ

0 145

720visa03-500x307

Қазақстан виза беру рәсімін электрондық форматқа көшіруді жоспарлап отыр. Бұл жөнінде ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев мәлімдеді.

– Қазақстанға келетін шетелдік азаматтарға барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында виза берудің қолданыстағы тәртібіне өзгерістер енгізіледі. Жаңа редакцияда автоматтандыру, электрондық визаларды рә­сімдеу бойынша қызметтерді интеграциялау тәрізді жаңа­шылдықтар және өзге де жеңіл­діктер негізге алынып отыр. Қазіргі уақытта рәсімді электрондық форматқа көшіру тетіктері сараланды, – дейді Р.Жошыбаев. Оның айтуынша, бұл қазақстандық визаны рәсімдеу тәртібін айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 3 =