ЭЛЕКТРОНДЫ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК АРТА ТҮСТІ

0 116

shutterstock_86227513

Елорданың жетекші БАҚ өкілдері алғашқы болып Мобильдік үкіметтің жаңалығы – SIM-картаға жазылған электронды цифрлық қолтаңбамен танысу мүмкіндігін иеленді.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мамандарының айтуынша, енді ЭЦҚ иесінің өзі тұрақты пайдаланатын және өз атына тіркелген SIM-картаға цифрлық қолтаңбаны енгізу арқылы ХҚКО мен еgov.kz электронды үкімет порталындағы қызметтерге қолжетімділігі арта түседі.
Мобильді ЭЦҚ-ның артықшылығы – ондағы кейбір қызметтерді интернеті және қосымша бағдарламалары жоқ қарапайым ұялы телефон арқылы қолдана аласыз. Пайдаланушыға бар болғаны SMS хабарлама жіберіп, SIM-картаға жазылған ЭЦҚ-мен қол қою жеткілікті. Бұдан кейін оның электронды үкімет порталындағы жеке кабинетіне қызмет нәтижесі мен анықтаманың бірегей коды жазылған хабарлама келеді.
Бүгінде азаматтар электронды цифрлық қолтаңбаның көмегімен түрлі қызметтер мен рұқсаттарды алуға өтініш беріп, тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуге тұрып, одан шыға алады. «SIM-картаға жазылған ЭЦҚ ұялы телефонның кез келген түрі арқылы электрондық қызметтерді алуға мүмкіндік береді, тек SIM-картаны ғана өзгерту қажет. Демек, болашақта мобильді үкіметтің мүмкіндіктері аясында қағаз құжаттардан бас тартатын боламыз» дейді ұйымдастырушылар.
Айта кетейік, 2012 жылдан бері файл түрінде жеке куәлікке жазыла бастаған электронды цифрлық қолтаңбаны egov.kz порталына кіру барысында компьютер, ноутбук, планшет және смартфон арқылы қолдануға болады.

Күнайым СӘКЕН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 + 4 =