©2020 Астана Ақшамы
Электронды өтініш бере алады
Елордада қала нотариустары үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеуге өтініш беруді талқылауға арналған оқыту семинар-мәжілісі өткізілді. Семинарды Астана қаласының Әділет департаменті қалалық Нотариаттық палатасымен бірлесе отырып ұйымдастырды.
Әділет департаменінің мәліметі бойынша, бұл жаңалық 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген. Электронды қызмет арқылы жылжымайтын мүлікті тіркеу уақытын 1 күнге дейін қысқартуға болады.
Еске салайық, жылжымайтын мүлікті электронды тіркеу – мәміле нотариат куәландырғаннан кейін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеден құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түсетін құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі негізінде жүзеге асырылатын, мемлекеттік тіркеу. Іс-шара соңында, нотариаттық әрекетке байланысты қолданыста жүрген заңнамаларға енгізілген толықтырулар мен өзгертулер талқыланып, нотариустардың барлық сұрақтарына қанағаттандырлық жауап берілді.