©2020 Астана Ақшамы
Электронды арыз – уақыт талабы
Сәкен АБДУЛЛАЕВ, Астана қалалық сотының төрағасы
Елорда соттарында электрондық талап-арыздар интернет жүйесі бойынша қабылданады.
– Жаңа жүйе адамдардың уақытын үнемдеуге, кезекте тұратындардың санын қысқартуға, сыбайлас жемқорлықты азайтуға, соттың әділ өтуіне, сондай-ақ, қолданыстағы процессуалдық заңнама нормаларын іске асыруға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, 2012 жылы соттарға азаматтық іс жүргізу бойынша 830 талап-арыз «электрондық үкімет» порталы арқылы келіп түсті. Сонымен қатар, сот ісінде аудио-бейне жазу сынды ақпараттық технологиялар жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде процеске қатысушылар тарапынан түсетін наразылықтар мен шағымдарды азайтуға, тараптардың хаттамалармен жедел танысуына жол ашады.
– Басты жаңалықтың бірі – басқа облыстардағы куәгерлерді online байланысы арқылы тергеу. Нәтижесінде істерді жылдам қарауға, тараптардың, куәгерлердің, сарапшылардың, мамандардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Жаңа ақпараттық технологияларды белсенді енгізу арқылы, Елбасы Жолдауында айтылған артық бюрократиялық рәсімдерді азайтуға септігін тигізеді.
Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ