ЭЛЕКТРОМОБИЛЬДЕР ҚАЛАДА ТИIМДI

0 191

383381386

Астанада электромобильдерге арналған қуат стансаларының инвестициялық жобасын әзірлеу қолға алынды. Жобаны «ҚазМұнайГаз өнімдері» ЖШС жүзеге асырады.

«ЭКСПО-2017» инфрақұрылым­дық нысандар секторының басшысы Асқар Адамбековтің айтуынша,  қалада электромобильдерге қызмет көрсететін үш станса салу көзделіп отыр. Сонымен қатар, қазіргі бес жанармай құю стансасында электромобильдерге арналған құрылғылар орнату жоспарланған.

Жобалаушылардың сөзіне қарағанда, стансалар  автономды режимде, жергілікті электр желілерінен тәуелсіз жұмыс істейді. Жаңалықтың бір ерекшелігі, олар фотоэлектр модульдерінің негізінде іске қосылады.

Жобада елорда аумағында электромобильдерге арналған ілеспе инфрақұрылымы бар қуат беру бекеттері  желісін ашу қарастырылған.

Негізгі мақсат –  бас қалада электромобильдерді пайдалануды насихаттап, көпшілікке тарату, осы көліктерге арналған қуат беру инфрақұрылымын дамыту болып отыр.

Жұма ҒАЗИЕВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 − 1 =