ЭЛЕКТР ТАПШЫЛЫҒЫН АЗАЙТАР АЛТЫ ЖОБА

0 229

V-Gruzii-stali-potreblyat-menshe-elektroenergii-1647

Орталық коммуникациялар қызметінде «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің электр энергетикасы саласындағы жобаларды іске асыру мәселелері бойынша брифингі өтті. Төрағаның айтуынша, «Самұрық-Энергоның» инвестициялық портфелінде электр қуаты тапшылығы мəселесін шешуге мүмкіндік беретін 14 жоба бар екен.

«Елбасы Жолдауында көрсетілген барлық басым бағыттар «Самұрық-Энерго» компаниясының 2022 жылға дейінгі даму стратегиясында қамтылған. Біздің қазіргі мақсат-міндетіміз – Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамта­масыз ету, əлеуметтік жауапкершілікті арттыру, жаңғырмалы энергия көздерін жаңғырту, жоғарғы технология, сəйкесінше жаңа қуат көздерін салу, қоршаған ортаға келетін зиянды азайту» деген Алмасадам Майданұлы оларды іске асыру электр қуаты тапшылығы мəселесін шешуге мүмкіндік беретіні жəне өңірлердің əлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынатынын жеткізді. Қазір ҮИИД бағдарламасы аясында Екібастұз 1-МАЭС-ті жаңғырту жəне қуатын кеңейту, Екібастұз 2-МАЭС-тің 3-энергия блогын сала отырып кеңейту жəне қайта  құру, Шардара ГЭС-ін  жаң­ғырту, Алматы қаласы мен Алматы облысында қосалқы станциялар салу жəне қуаты 45 МВт Ерейментау ЖЭС-ін салу сынды 6 жоба іске асырылып жатқан көрінеді.

Ал қазірдің өзінде «Самұрық-Энерго» жобалау қуаты 1 320 МВт-тық Балқаш ЖЭС-ін салу жобасы бо­йынша жұмыстарды жүргізіп жатыр.

«Станцияны салу елдің ұзақ мер­зімді энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде құрылыс алаңын жоспарлау жұ­мыстары жасалып жатыр, авто­көлік жолдарын салу басталды, жары­лыс жұмыстары жүргізілді. Ин­фра­құрылымды дайындау – кіре­беріс темір жолдарды қайта жөндеу, хи­миялық су тазарту цехын салу, сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйелерін салу жұмыстары аяқтал­ды. Балқаш көлінен сутартқыш пайда­лануға берілді» деді Алмасадам Сәтқалиев.

Балқаш ЖЭС-інде қолданылатын ноу-хау энергия блоктарының тиім­ділігін арттырады және отынның үлес салмағын азайтады. Сонымен қатар, жобада қоршаған ортаға тиетін зиянды мейлінше болдырмауға ай­рықша көңіл бөлінген.

 

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 + fourteen =