ЭЛЕКТР ҚУАТЫ 8,29 ПАЙЫЗҒА ҚЫМБАТТАДЫ

0 92

электр энергияҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Астанаэнергосбыт» ЖШС электр қуатымен қамту тарифының орташа деңгейі қосымша құн салығынсыз 12,67 теңге/кВтсағ көлемінде белгіледі. 1 қаңтарға дейін елордада электр қуатының орташа тарифы қосымша құн салығынсыз 11,7 теңге/кВтсағ болған. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы әкімі аппаратының Өмірді қамту және инфрақұрылымды дамыту бөлімінен хабарлады.

Тарифтің көтерілуіне 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап Астана қала­сының энергия өндіруші ұйы­мы­ның тарату бағасын орта есеппен 15,3 пайызға ұлғаюы, сондай-ақ, электр энергиясының сыртқы та­сы­малдаушылар тарифтерінің 6,9 пайызға артуы себеп болды.

Бұдан былай, электр энергиясын таратудың орташа құны:

– халық үшінҚҚС-сыз 10,57 теңге/кВтсағ;

– басқа тұтынушылар үшінҚҚС-сыз 13,64 теңге/кВтсағ құрайды.

Электр энергиясының орташа деңгейіне қарағанда, ҚР ТМРА Астана қаласы бойынша департаменті тәулік зоналары мен тұтыну көлемі бойынша электр энергиясының са­раланған тарифтерін белгіледі.

Сараланған тарифтерді есептеу кезінде тұтынушылардың электр қуатын үнемдеуі мен өткен жылмен салыстырғанда тұтыну көлемін азайтудың есебінен минималды тариф төмендеді.

Нәтижесінде, электр плитасын қолданбайтын халық үшін тұтыну көлемі бойынша минималды тариф 70 кВт дейін 4,86 пайызға, ал тұтыну көлемі 90 кВт дейінгі электрплиталарын қолданатындары үшін 3,93 пайызға дейін кеміді. Сонымен қатар, электр плитасын қолданатын өзге тұтынушылар үшін тұтыну көлемі бойынша 90 кВт дейінгі тариф 12,47 пайызға дейін азайды.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen − 4 =