ЕЛДОС – КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР

0 157

3a2c31142c8b8e3aaa1b5fecc3aba191_crop_l_0_t_0_w_467.7091561938958_h_55311Түркияның Самсун қаласында өткен дзюдодан Гран-При жарысында қазақстандық Елдос Сметов күміс жүлдегер атанды.

Елдос негізгі кезеңде чех Павел Петриков, украиналық Денис Величенко, моңғол Гандболд Мунхтурды ұтса, жартылай финалда Әзірбайжан өкілі Илгар Мушкиевті таза жеңді. Дегенмен, ақтық сында ресейлік Беслан Мудрановқа иппон әдісімен (таза жеңіс) ұтылып қалып, күмісті қанағат етіп қайтты.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen + 12 =