Елдің өркендеуін еселейді

0 153

Еліміздің қазіргі жағдайын Елбасы өз Жолдауында тереңнен талдап берді. Ерекшелігі сол, Мемлекет басшысы бұл құжатта 2050 жылға дейін жүзеге асырылатын стратегиялық бағыттарды айқындап берді.

Білім саласының қызметкері ре­тінде мені Жолдауда айтылған мін­деттер ішінде әлеуметтік салаға қатысты мә­селелер қызықтырды. Ел тұр­ғын­да­рының алдында тұрған бүгінгі басты мақсат – тәуелсіздік алған жылдардан бері қол жеткізген игіліктерді одан әрі ұлғайтып, келешек ұрпақтың өмір сүруіне қолайлы жағдай тудыру. Жолдау жүктеген міндеттер ел халқының бірлесе қимылдауымен, еселі еңбектенуімен орындалатыны айқын. Мем­лекеттік тілдің қолданыс аясын ке­ңей­ту, әлеуметтік саясаттың жаңа қағи­даттары, жастарға зор сенімнің артылуы алдымызға үлкен міндеттер жүктейді.

Мәселелердің үлкен бөлігі жастарға арналуы заңды да. Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Мемлекет басшысы әрбір тапсырманы нақтылай отырып, оны жүзеге асыру жолдарын да айқын­дап берді. Қазақ жастары аталған бағдар­ламада көрсетілген негізгі мақсат-міндет­терді жете түсінуі тиіс. Осы бағытта Аста­на қаласындағы гуманитарлық кол­ледж­де де біршама іс-шаралар атқа­рылды. Оқы­тушылар мен студенттер дөңге­лек үстелдер, пікірсайыстар, талдау жұмыс­тары арқылы Жолдаудың әрбір жолына тоқталды. Колледж ұжымы мен студент жастар Елбасымыздың Жолдауын қолдай­тынын, еліміздің өркендеуіне сенетінін білдірді. Ендігі міндет – Елбасы жүктеген міндеттерді орындау мақсатында жұмыла еңбек ету.

Елбасының биылғы Жолдауы – еліміз­дің өркендеуінің алғы шарты. Әр жыл сайынғы Президент жолдауы өз жаңа­лық­тарымен, құнды идеяларымен, еліміз­дің жаң­ғыруына, өркендеуіне негіз бола­тын салмақты тұжырымдарымен ерек­шеле­неді. Біз, Елбасының елді өркениетке, ке­мел келешекке бастайтынына кәміл сенеміз.

Мейрамкүл АБСАТОВА,
Гуманитарлық колледждің әдіскері

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight + six =