Елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін, жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмірлерін беру талаптарын жүргізу Ережесін бекіту туралы

0 98

жоба

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңы 27-бабы, 1-тармағының 21-3) тармақшасына және «Нормативтік құқықтық актілері туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы заңы, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 278 және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 378 Бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу ережелеріне сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Елді мекеннің бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу, жер учаскелеріне, ғимараттарға, және құрылыстарға реттік нөмірлерін беру талаптарын жүргізу туралы Ережесі» жаңа редакцияда қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Қаладағы аудандарға, көшелерге, даңғылдарға және қаланың өзге де құрамдас бөліктеріне атау беру, олардың атауындағы транскрипциясының өзгеруі, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға, реттік нөмірлерді беру, көрсеткіштерді орнату және пайдалануға беру Ережесін бекіту туралы» (бұдан әрі – Ереже) Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 17 тамыздағы № 3-1-1639қ қаулысының (Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 30 қыркүйекте № 350 тіркелген, мемлекеттік тіркелім номері 21381, «Вечерняя Астана» газетінің 144 номерінде 2004 жылдың 12 қазанында ресми жарияланған) Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамызда №20-989қ қаулысының (Астана қаласы Әділет департаментінде 2008 жылғы 22 қыркүйекте № 549 тіркелген, мемлекеттік тіркелім нөмірі 43585, «Астана хабары» газетінің 146 нөмірінде 2008 жылдың 28 қазанында ресми жарияланған), Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы №120-308 қаулысының (Астана қаласы Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 сәуірде № 719 тіркелген, мемлекеттік тіркелім номері 64555) күші жойылды деп танылсын.
3. «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.
5. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім И.Тасмағамбетов

Әкімнің бірінші орынбасары С.М. Хорошун
Мемлекеттік-құқықтық Д.Б. Досқұлов
бөлімінің меңгерушісі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen + nineteen =