Елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау тәртібін, жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмірлерін беру талаптарын жүргізу қағидасы

0 472

1-бөлім. Жалпы ереже
1. Осы қаланың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау тәртібін, жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмірлерін беру талаптарын жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі заңдарына, Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы №432/58-IV шешімімен бекітілген Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидасына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 278 және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 378 Бірлескен бұйрығына, «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру», «Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың төлнұсқасын беру», «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияларға төлнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 және «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1128 Қаулысына сәйкес, атау беру және атауын қайта өзгертудің бірыңғай тәртібін белгілеу мақсатында әзірленген.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер пайдаланылады:
1) алаң – тұйық шекаралы қала құрылысының атаулы элементі;
2) алдын-ала берілетін мекенжай (жобалау нөмірі) – объектіні пайдалануға бергенге дейін жобалау алдындағы құжаттаманы ресімдеу кезінде берілетін жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы;
3) аллея – жағалай ағаш, бұталар және шырмауық өсімдіктер отырғызылған жаяу жүретін көше немесе жол;
4) Астананың бас жоспары (бас жоспар) – салынатын объектіні жоспарлау мен абаттандырудың, ғимараттарды, құрылымдарды, көліктік коммуникацияны, инженерлік желілерді, орналастырудың, шаруашылық және тұрмыстық қызметтік көрсету мәселелерінің кешенді шешімін қамтитын жоба бөлігі;
5) Астана қаласының ономастикалық комиссия – Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрам бөлігі ретіндегі географиялық объектілерді атау және қайта атау, топономикалық атауларды қолдану мен есепке алуды тәртіпке келтіру, тарихи атауларды сақтап қалу, қайта жаңартуға бірыңғай көзқарасты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін консультативтік-кеңесші орган;
6) Әкімшілік-аумақтық бөлім –
7) бастапқы жылжымайтын мүлік объектісі – ғимараттар мен құрылыстар, сонымен қатар қала құрылысы регламентациямен ерекше реттеу объектілер;
8) блок – қызметі тұрғысынан тәуелсіз, басқа элементтермен үйлестіріліп немесе жеке пайдалануға болатын ғимараттың көлемдік-кеңістік элементі;
9) бульвар – қарсы көліктік ағындары отырғызылған ормандармен және жаяу жүру жолдарымен бөлінген жергілікті маңызы бар көше немесе жол;
10) гараж – автомобиль көлігін тұрақты немесе уақытша сақтауға арналған құрылыс;
11) ғимарат – адамдардың тұруына немесе ішінде болуына, өндірістік процестерді орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын функционалдық мақсатына қарай, міндетті түрде жер бетіне салынып, тұйық көлемді құрайтын, тіреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылғы. Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін;
12) даңғыл – жалпы қалалық маңызы бар жол немесе көше;
13) жапсыра салынған объектілер (орынжай) – негізгі тұрғын үй ғимаратымен функционалдық жағынан байланысты болмаған, негізгі ғимараттың төменгі қабаттарына жанасқан жеке орынжайлар (орынжайлар тобы);
14) жапсарластыра-жанастыра салынған орынжай – ғимарат көлемінде және көлем шегінен шығарылған орынжайларды орналастыру 1,5 м аспауы қажет;
15) жер қатынастары жөніндегі орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жер қатынастары аясындағы қызметтерді реттеуді жүзеге асыруға уәкілетті, жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
16) жол – көлік құралдарының қозғалысына арналған мемлекеттік есепке алынатын және инженерлік құрылыстар кешені болып табылатын жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы, шаруашылық автомобиль жолы, елді мекен көшесі. Жолға бір немесе бірнеше жүру бөлігі, сондай-ақ трамвай жолы, жаяу соқпақтар, жолдың жиегі болған жағдайда бөлу жолағы кіреді;
17) жол санаты – көлік құралдары қозғалысының есептік қарқындылығына байланысты автомобиль жолдарының жеке учаскелердегі немесе бүкіл бойындағы жіктеуші;
18 жылжымайтын мүлік объектілері кешені – бір жер учаскесінде орналасқан ғимараттар, құрылымдар, инженерлік желілердің жиынтығы;
19) жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу (бұдан әрі – адрестеу) – Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлулеріне сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін анықтау және елді мекенге, объектінің реттік нөмірін беріп осы елді мекеннің құрамдас бөлігіне жатқызу;
20) корпус – бір жер учаскесінде орналасқан және функционалдық мақсаттылығы бойынша біріктірілген ғимараттар мен құрылыстар кешені болып табылатын біртұтас кешенге кіретін ғимарат пен құрылыс;
21) көше – екі жолақты көлік жүретін бөлікті, жолдың шет жақтары, кювет пен қорғаушы бермаларды қосқандағы көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысына арналған аумақ;
22) қайталама жылжымайтын мүлік объектілері – бастапқы объектінің бөліктері болып табылатын тұрғын және тұрғын емес орынжайлар;
23) қала құрылысы элементінің санаты – объектінің функционалдық қала құрылыстық мақсаты мен ерекшелігін сипаттайтын қала құрылысы элементі атауының ажырамас бөлігі;
24) қаланың құрамдас бөліктері – осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес Астана қаласының құрамдас бөліктері түрлерінің атауы Тізімінде көрсетілген көше, даңғыл, тұйық көше, бульвар, шағын аудан;
25) құрылым – табиғи немесе жасанды кеңістік шекаралары бар және өндірістік процестерді орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ, жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргізуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегістікті немесе желілік объект (жер үсті, су беті және (немесе) жер асты, су асты);
26) мансардтық қабат – шатырлы кеңістіктегі, қасбеті көлбеу және тік құлама немесе қисық сызықты төбенің бетінде (беттерінде) толық және ішінара салынған қабат;
27) машина-орны – көлік құралдарын орналастыруға арналған орын-жай немесе қабат құрамындағы (қабырғалық қоршаулармен мен қабырғалық қор-шаусыз) орынжай бөлігі;
28) Мекенжай – жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жерін сипаттау және ол мынадай элементтерді қамтиды: аймағы, қаласы, ауданы, қаланың құрамдас бөліктері, бастапқы жылжымайтын мүлік объектісі, қайталама жылжымайтын мүлік объектісі (бар болған жағдайда);
29) мекенжайдың тіркеу коды (МТК) – «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйемен бірігетін жылжымайтын мүлік объектілері мекенжайының бірегей коды;
30) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі – Қазақстан Республикасының адрестік өрісін біріздендіру және мекенжайлары туралы деректерді қалыптастыруға, жинақтауға және өңдеуге арналған ақпараттық-бағдарламалық кешен;
31) Мемлекеттік қала құрылыстық кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (МҚК ААЖ) – қала құрылысы регламенттерін, пайдалану режимінің әлеуметтік-құқықтық белгілері, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету деңгейі, онда орналасқан объектілердің параметрлері мен жай-күйі, сондай-ақ табиғи-климаттық жағдайы мен экологиялық жай-күйі бойынша қала құрылысы, сәулет және құрылыс қызметі аумағын сипаттайтын картографиялық, статистикалық және мәтіндік ақпаратты қамтитын сандық және сапалық көрсеткіштердің мемлекеттік жүйесі;
32) МҚК ААЖ кезекші мекенжай жоспары – елді мекен, әкімшілік аудандар, шағын аудандар, кварталдар, көшелер, ғимарат, құрылыстар (көліктік және инженерлік инфрақұрылымды қоса алғанда) аумағының нақты шекаралары белгіленген координаттар жүйесінде орындалған елді мекеннің геоақпаратық цифрлық картасы, сондай-ақ жер учаскелері мен жылжымайтын мүлік объектілерін, азаматтық немесе басқа да құқықтағы жеке дербес объектілер ретінде бастапқы объектілердің кеңістіктік бөлігін сәйкестендіруші ақпараттық деректер;
33) объектінің реттік нөмірі – бас әріптің қосылуы мүмкін немесе қосымша бүтін цифрлардың (екі таңбадан көп емес) бөлшегі арқылы бірізді цифрлардан тұратын объект мекенжайының деректемесі. Бұл орайда нөмірде есімдіктер (мысалы “Я” әрпі), алфавиттегі қазақ әріптері (Ә, І, Ғ,Қ,Ң,Ө,Ү,Ұ,һ), айтылуы қиын әріптер (дыбыссыз) және цифраға ұқсас әріптер (О, Ж, З, И, Х, Ц, Ч, Ш, Щ, Ь, Ы, Ъ) алып тасталады;
34) орам – құрылыстың көшелермен/тұйық көшелермен бөлінбеген құрылымдық элементі;
35) орынжай – басқа іргелес үй-жайлардан ойықтары жоқ қабырғалармен немесе бітеу арақабырғалармен бөлінетін және көшеге, аулаға, ортақ пайдаланудағы дәлізге немесе баспалдақ алаңдарына жеке шығатын есігі бар құрылыстың ішкі оқшауланған бөлігі;
36) Сәулет және қала құрылысы органы, тиісті деңгейдегі қала құрылысы кадастры қызметін қоса алғанда (бұдан әрі – сәулет органы) – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, сәулет және қала құрылысы және құрылыс қызметін реттеуді іске асыруға уәкілетті жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
37) техникалық қабат – ғимараттың инженерлік жабдықтарын және коммуникация төсемдерін орналастыруға арналған қабат, ғимараттың төменгі бөлігінде (техникалық астыртында), жоғары (техникалық шатырда) немесе жер асты қабаттарының арасында орналасуы мүмкін;
38) түбегейлі жоспарлау жобасы (ТЖЖ) – функционалдық –қала құрылыстық аймақтандыруды анықтаумен аумақтың жоспарлауын ұйымдастырудың, қызыл сызықтар мен құрылысты реттейтін сызықтар, халыққа әлеуметтік, мәдени және коммуналдық қызмет көрсету объектілерін орналастыруға арналған резервтегі аумақтар, көше-жол желілерін және көліктік қызмет көрсету инженерлік желілерге трассаны салу, көлденең көшелердің пішіні, аймақты абаттандыру мен көгалдандыру қала құрылыстық сервитуттар мен өзге де талаптардың негізгі бағытын белгілейтін Астана қаласының бас жоспардың негізінде орындалатын аумақты салудың түбегейлі жоспарлаудың жобасы;
39) тұрғын үй-жай – тұрақты өмір сүруге арналған (жеке тұрғын үйде, пәтерде, жатақханадағы бөлме) белгіленген техникалық, санитарлық және басқа да міндетті талаптарға жауап беретін жекелеген үй-жай;
40) тұрғын емес орынжай – ортақ мүлік болып табылатын тұрғын үй бөлігін (тұрғын үй ғимараты) қоспағанда өмір сүруге арналмаған (дүкен, дәмхана, шеберхана, офистік орынжай) жекелеген орынжай;
41) тұрақты мекенжай – белгіленген заңнама тәртібінде және осы қағидаларға сәйкес Астана қаласы аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілеріне тұрақты мекенжай беру;
42) тұйық – тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және көшелер арасында өтпелі көлік байланысын түзбейтін (бір “т” –тәріздес қиылысты түзеді) қаланың ішкі аудандарындағы құрылыс объектілеріне, шағын аудандарға, орамдарға көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін негізгі және қосалқы өту жолы;
43) тұйық көше, өтпе жол – ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және қалалық немесе кенттік құрылыстың басқа объектілеріне, елді мекендерге, көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін аумақ;
44) трасса, шоссе – қалааралық көлік байланысын қамтамасыз ететін жол немесе көше;
45) тілдерді дамыту органы – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, тілдерді дамыту саласын реттеуді және ономастикалық комиссия қызметін іске асыруға уәкілетті жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
46) уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй, қатынастары мен коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу, сондай-ақ елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желісі объектілері), жылумен жабдықтау (ЖЭО мен белгіленген қуаты 100 Гкал-сағат және одан жоғары қазандықтардан басқа) және газбен жабдықтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
47) уақытша құрылыстар – орнату мерзімі мақсаттылығына, конструктивтік шешімдерге қарай, орналасқан жеріне уақытша шектелген павильондар, дүңгіршектер, қалқалар;
48) шағын аудан – құрылыстың қала құрушы құрылымдық-жоспарлық элементі.
49) шығыңқы ірге қабат – үй-жайлар биіктігінің жартысынан аспайтын биіктікке жердің жоспарлы белгісінен төмен үй-жай еденінің белгісіндегі қабат;
3. Астана қаласының аумағындағы объектілердің мекенжайын анықтау жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.
4. Объект мекенжайы мемлекеттік және орыс тілдерінде мазмұндалады.
5. Объект мекенжайы:
әкімшілік-аумақтық бірліктің атаулары (облыс, аудан, қала, қаладағы аудан);
Астана қаласының құрамдас бөліктерінің атауы;
бастапқы объектінің нөмірі;
қайталама объектінің нөмірінен тұрады.
Жылжымайтын мүлік объектілері түрлерінің тізімі осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес анықталады.
Жылжымайтын мүлік объектісі түріне қарамастан мекенжай құрылымы қосымша элементтермен (корпус, блок, қатар, өтпе жол, жолақ) толықтырылады.
6. Мекенжай деректемелері қатаң түрде анықталған дедуктивтік тәсілмен жазудың бірізділігімен көрсетіледі (жалпыдан жалқыға қарай).

2. Мемлекеттік органдардың өкілеттілігі

7. Қаланың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау, атауындағы транскрипцияны өзгерту, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлерін беру саласында реттеуді мынадай мемлекеттік органдар жүзеге асырады:
1) сәулет органы;
2) тілдерді дамыту органы.
8. Сәулет органының мынадай өкілеттілігі бар:
1) Осы Қағиданың 11-тармағында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілеріне реттік нөмірлерді жеке бұйрығымен береді;
2) Астана қаласының құрамдас бөліктерінің тізбесін қалыптастырады және оны тілдерді дамыту органына жібереді.
атауы жоқтарды;
атаулары сәйкесетіндерді;
орналасқан жылжымайтын мүлік объектілерін бұзуға байланысты қызметі тоқтатылғандарды;
Астана қаласының құрамдас бөліктерінің жеке бұйрықпен бекітілген алдын ала (жобалық нөмірлерді) мекенжайды;
3) қате мекенжай деректерін реттеу мен жою немесе жоқ болуын анықтау мақсатында Астана қаласы аумағындағы МҚК ААЖ кезекшілік мекенжай жос-парына объектілерге түгендеу деректерін енгізе отыра, объектілерге (аулаларды, үйлерді аралап шығу) түгендеу жүргізеді.
4) бұзылған ғимараттың мекенжайын жойып, сондай-ақ оған жаңа мекен-жай беріп, осы учаскелерде қайта салынған ғимараттардың есебін жүргізеді;
5) атау беру кезінде пайдаланылатын жол мен көше санатын қоса, атауға немесе қайта атауға жататын қала құрылысы элементтерінің санатын анықтайды;
6) Астана қаласы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің сәйкестігін жүзеге асырады;
7) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы туралы ақпаратты МҚК ААЖ кезекші мекенжайы жоспарынан “Мекенжай тіркелімі” ақпараттық жүйесін тіркеп, енгізіледі;
8) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы туралы анықтаманы береді, жүзеге асырады;
9) бастапқы және қайталама жылжымайтын мүлік объектілерінің реттік нөмірін беру, өзгерту, жою туралы бұйрықтың көшірмесін, жеті жұмыс күні ішінде әділет органдарына, сондай-ақ барлық мүдделі органдарға ұсынады;
10) бастапқы және қайталама жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын уақытылы беру, өзгерту және жою, сондай-ақ осы Қағидалардың барлық нормаларын сақтауды қамтиды;
11) бастапқы және қайталама объектілерге алдын ала мекенжай (жобалық нөмір) береді;
9.Тілдер жөніндегі органның мынадай өкілеттілігі бар:
Астана қаласының құрамдас бөліктеріне белгіленген атаудың дұрыс бейнеленуінің және олардың нормаларына сәйкестігін, сондай-ақ көрсеткіштердегі белгіленген атаулар транскрипциясын дұрыс бейнеленуін қадағалайды;
ономастикалық комиссия отырысында қаланың құрамдас бөліктеріне атау беру (қайта атау) мәселелерін талқылау үшін материалдар дайындайды;
қаланың құрамдас бөліктеріне атау беру (қайта атау) мәселелерін талқылау үшін ономастикалық комиссияның отырысын (отырыстарын) ұйым­дастырады;
10. Ономастикалық комиссияның өкілеттілігі мен шешім қабылдау тәртібі:
1) заңды және жеке тұлғалардың қала бөліктеріне атау беруге (қайта атау) қатысты ұсыныстарын қарастырады;
2) Астана қаласының әкімдігі мен мәслихатына қала бөліктеріне атау беруге (қайта атау) ұсыныс айтады;
3) Астана қаласының әкімдігі мен мәслихатына қала бөліктеріне атаудың транскрипциясын нақтылауға ұсыныс айтады.

3. Жылжымайтын мүлік объектілеріне мекенжай беру тәртібі

11. Тұрақты мекенжай беруге жататындар:
барлық бұрыннан бар, сондай-ақ жаңадан салынған пайдалануға берілген және құқық белгілейтін құжаттары бар ғимараттар, құрылыстар, гаражды кооператив, шаруашылық құрылыстар құрамына кіретін гараждар. Бұған қоса, бағбандық (саяжай) объектілеріне мекенжай беру пайдалануға берусіз, жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты негізінде жүзеге асырылады;
жаңа құрылыс немесе қайта жаңарту нәтижесінде пайда болған гараждар, ғимаратқа қосып, жалғастыра, жапсарластыра-жанастыра салынған үй-жайлар, тұрғын үй-жайлар, мансардтық қабаттар, техникалық қабаттар, шығыңқы ірге қабаттар;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес бірнеше дербес бөліктерге бөлу нәтижесінде пайда болған объектілер;
меншік құқығы әділет органдарында тіркелген рұқсатсыз салынған объектілер;
меншік құқығы белгіленген тәртіпте әділет органдарында тіркелген жылжымайтын мүлік объектілерін салу үшін берілген жер учаскелері.
12. Алдын ала мекенжай беруге жататындар:
Жылжымайтын мүлік объектілерін жобалау мен салу үшін ұсынылған жер учаскелері;
пайдалануға беруге дайындау кезеңіндегі құрылысы аяқталмаған объектілер, пайдалануға беруге жоспар­ланған бастапқы объектілер;
пайдалануға беруге жоспарланған бастапқы объек­тілер құрамындағы қайталама объектілер;
шаруашылық құрылыстар.
Жылжымайтын мүлік объектілеріне алдын-ала мекенжай беру туралы ақпарат “Мекенжай тіркелімі” ақпараттық жүйесінде тіркеуге жатқызылады.
13. Мыналар мекенжай беруге жатпайды:
Осы Қағиданың 11-тармағында көрсетілген рұқсатсыз салынған объектілерді қоса алмағанда рұқсатсыз тұрғызылған объектілер;
уақытша тұрғызылған объектілер, қаланың инженерлік инфрақұрылым объектілері, жеке тұрған жарнамалық құрылымдар, жылу өткізгіштер, су өткізгіштер, электр сымдары, кәріз желісі, тазартқыш құрылыстар, мұнай айдайтын құрылыстар;
Уақытша тұрғызылған объектілердің жеке реттік нөмірі болмайды, тұрақты реттік нөмірі бар жанында орналасқан объектіге қатысты олардың орналасқан жері анықтама арқылы нақтыланады;
14. Қаланың құрамдас бөліктеріне атау беру оларды кеңістікте бөлуді қамтамасыз ету үшін беріледі.
15. Қала бөліктеріне атау беру мынадай кезеңдер бойынша жүргізіледі:
1) сәулет органы тілдер жөніндегі органға атауы берілмеген, немесе элементтің кеңістікте орналасқан және оның шекаралары белгіленген сызбасын қосып атаулары сәйкес келетін қаланың құрамдас бөлігінің тізбесін жібереді. Сәулет органы көрсетілген тізбемен бірге бұрын болған жылжымайтын объектілерді (бар болған жағдайда) бұзуға байланысты, жойылған көшелердің тізімін ұсынады.
2) тілдерді дамыту органы қала құрылыстық объектіге атау немесе қайта атау беру мәселесі бойынша өтініш түскен сәттен бастап 15 күн ішінде қала бөліктеріне атау беру (қайта атау) мәселелерін талқылау үшін ономастикалық комиссияның отырысын (отырыстарын) ұйымдастырады;
3) ономастикалық комиссия тілдерді дамыту органы тарапынан материалдар ұсынылған сәттен бастап 30 күн ішінде қала құрылыстық элементтерге атау беруді (қайта атау) Астана қаласының әкімдігіне және мәслихатына ұсыну туралы шешім қабылдайды.
4) Астана қаласының әкімдігі қала құрылыстық элементтерге атау беру жөніндегі ономастикалық комиссияның ұсынысымен келіседі және мәслихаттың қарастыруына қаланың құрамдас бөліктерінің атауын бекіту туралы ұсынысты шығарады немесе жіберілген ұсыныспен келіспейді және тілдерді дамыту органына материалдарды (толығымен немесе бөліктері бойынша) қайтарады.
5) Астана қаласының мәслихаты әкімдіктің қаланың жекелеген құрамдас бөліктеріне атау беру туралы шешімімен келіседі және қаланың құрамдас бөліктерінің атауларын бекітеді немесе әкімдіктің шешімімен келіспейді және материалдарды әкімдікке (толығымен немесе бөліктері бойынша) қайтарады;
6) Астана қаласы әкімдігі мен мәслихатының қаланың жекелеген құрамдас бөліктеріне атау беру (қайта атау беру) туралы бірлескен шешімі сәулет және қала құрылысы органына беріледі, олар қаланың құрамдас бөліктерін мекенжай тіркелімін жүргізудің белгіленген тәртібіне сәйкес тіркейді және олардың шекарасын анықтап, қала құрылыстық элементтің кеңістіктегі жағдайлық сызбасын міндетті түрде қосып, мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мәліметіне жеткізеді.
16. Бір санаттағы қаланың құрамдас бөлігіне бір атауды бірнеше рет беруге рұқсат берілмейді.
Даңғыл (көшелер, тұйық көшелер, өтпе жолдар) отыз градустан астам бұрылған жағдайда, бұрылыс орнынан оқшауланған атау беруге жол беріледі.
17. Қаланың құрамдас бөліктерін табиғи кедергілер (өзен, жыра) кесіп өткен жағдайда түзілген учаскелерге жеке атауды беруге болады.
18. Қаланың аумағын кезең бойынша игерген жағдайда қалыптастырудың және аталған қала құрылыстық элементті уақытында салудың нақты кезеңіне сәйкес келетін оқшауланған, логикалық үйлескен атаулармен жекелеген учаскелерде қала құрылыстық элементті бөлуге болады.
19. Қаланың құрамдас бөлігінің атауы болмаған жағдайда сәулет және қала құрылысы органы бұйрықпен қаланың құрамдас бөлігіне ресми атауды бергенге дейін уақытша жобалық нөмір береді.
20. Алдын ала мекенжайының атауы болмаған жағдайда сәулет және қала құрылысы органы оның тұрақты мекенжайын бергенге дейін жазбаша түрде уақытша жобалық нөмір берілуі туралы ономастика комиссиясына ескертпе жіберіледі.
21. Бір объектіге бірнеше мекенжай, соның ішінде қаланың құрамдас бөлігіне қатысты бұрыштық мекенжай беруге рұқсат берілмейді.
22. Объект тиісті шағын ауданның белгіленген шекараларында орналасқан жағдайда шағын аудан атауы объект мекенжайына қосылады.
23. Соған қатысты объект нөмірленетін қаланың құрамдас бөлігінің атауы қала көшелері атауларының тізбесіне сәйкес белгіленеді.

4. Реттік нөмірлерді беруге қойылатын талаптар

24. Берілген аумақта орналасқан ғимараттарды, құрылыстарды нөмірлеу, құрылыс аяқталған жер учаскесінде анықталған негізгі ғимаратқа қатысты жүзеге асырылады.
25. Бір жер учаскесінде бірыңғай сәулет үйлесімін құрушы немесе бір сәулет-құрылыс кешенінің бөлігі болып табылатын екі немесе одан да көп объект тұрғызылған жағдайда бұл объектілердің реттік нөмірі негізгі ғимараттың нөмірінен корпустың қосымша нөмірінен тұрады. «Корпус» белгісі олар орналасқан жер учаскесі аумағының қызметтік қолданысын ескере отырып, ғимараттың қызметтік мақсатына және жақын тұрған ғимараттардың қалыптасқан нөмірленуіне байланысты қажеттілік бойынша анықталады.
Мұнда ғимараттың нөмірленуі негізгі ғимарат орналасуын ескере отырып, жер учаскесі аумағына басты кіру жолынан бастап жүргізіледі.
26. Егер объект орам ішінде орналасқан және объектінің еш бір қасбеті көшелерге шықпаған болса, объектінің реттік нөміріне бөлшек белгісі арқылы қосымша бүтін сандар қосылады. Бұл жағдайда негізгі реттік нөмір болып объект нөмірленуіне тиісті біршама жақын объектінің реттік нөмір жатады.
27. Бөлшек белгісі арқылы жазылған сан негізгі реттік нөмірі бар объектіден жойылу мөлшеріне сәйкес өседі. Бөлшек белгісі арқылы қосымша бүтін сан немесе бас әріптер қосуға немесе бөлшек белгісі бар объектінің реттік нөміріне сызықша қосуға рұқсат берілмейді.
28. Объектінің реттік нөмірі сәулет және қала құрылысы органымен пайдалануға беру, қате мекенжай деректерін реттеу және жою мақсатында қала аумағындағы объектілерге кешенді түгендеу жүргізу барысында беріледі.
29. Жергілікті атқарушы орган жанындағы Жер қатынастары бойынша уәкілетті орган жер учаскелерін бөліп беруде жер учаскесіне алдын ала мекенжай алу үшін сәулет және қала құрылысы органына өтініш білдіреді. Жер учаскесін беру туралы шешімде объектінің алдын ала мекенжайы көрсетіледі.
30. Қаланың бір құрамдас бөлігіндегі объектілердің нөмірленуі оннан артық бірлікке тоқтатылған (жоғалған) жағдайда, сәулет және қала құрылысы органы қайта нөмірлеуді талап ететін объектілердің нөмірленуіне өзгерістер енгізуге бастама жасайды.
31. Оңтүстіктен солтүстікке (батыстан шығысқа) қарай құрылыстың үздіксіз бағытын түзеген ғимараттарға (құрылыстарға) реттік нөмір беру тиісінше оңтүстіктен солтүстікке (батыстан шығысқа) қарай қаланың құрамдас бөлігінің сол жағы бойынша тақ нөмірлермен және оң жағы бойынша жұп нөмірлермен жүргізіледі.
32.Жылжымайтын мүлік объектілерінің атауын түгендеу (әрбір ауланы және әрбір үйді тексеру) арқылы жылжымайтын мүлік объектісінің жоқ екені анықталған кезде, сондай-ақ қаланың құрамдас бөлігіне бекітілген жылжымайтын мүлік объектілерінің реттік нөмірін нақтылаған кезде сәулет және қала құрылысы органымен жүзеге асырылады.
33. Әртүрлі санаттағы қаланың құрамдас бөліктерінің қиылысында орналасқан ғимараттарға магистральдық көшелердің жіктегішіне сәйкес жоғары санатты қаланың құрамдас бөліктері бойынша реттік нөмір беріледі.
34.Тең санаттағы қаланың құрамдас бөлігінің қиылысында орналасқан ғимараттарға ғимараттың қасбеті шығатын қаланың құрамдас бөлігі бойынша реттік нөмір беріледі. Егер бұрышқа бір ғимараттың екі бірдей қасбеті шығып тұрса, реттік нөмір елді мекеннің орталығы бағытына қарай жүретін қаланың құрамдас бөлігі бойынша беріледі. Егер ғимараттың басты қасбеті аула ішінде орналасқан болса, ғимарат созылып жатқан бойдағы қаланың құрамдас бөлігі бойынша беріледі.
35. Алаң периметрін түзуші ғимараттарға реттік нөмір беру елді мекеннің орталық жағындағы басты жолдан бастап сағат тілі бағыты бойынша жүргізіледі. Егер бұрыштық ғимаратта басты қасбеті бар және жалғасушы қаланың құрамдас бөлігі бойынша едәуір созылып жатса, оның нөмірленуі қаланың құрамдас бөлігі бойынша жүргізіледі.
36. Осы Қағидалардың 31-тармағын орындау мүмкін болмаған, қаланың аумағында жаңа құрылыс табиғи жолмен қалыптасқан жағдайда, сол аумақтағы реттік нөмірлерді кері тәртіппен, яғни қаланың құрамдас бөлігінің оң жағы бойынша тақ нөмірлермен және сол жағы бойынша жұп нөмірлермен солтүстіктен оңтүстікке немесе шығыстан батысқа қарай беруге болады.
37. Қаланың құрамдас бөлiктерiн бiрiктiрген немесе бөлген жағдайда, осы Қағидалардың 32, 33 тармақтарына сәйкес көрсетiлген қаланың құрамдас бөлiктерiнде орналасқан ғимараттар мен құрылыстарды қайта нөмiрлеу талап етiледi.
38. Жеке меншiк, жердi пайдалану (жалға), немесе басқа мүлiктiк құқықтағы жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi жер учаскесiне бiр немесе бiрнеше жылжымайтын мүлiк объектiсiн қосымша тұрғызған жағдайда, әрбiр объектiге сол реттiк нөмiр берiледi, бiрақ корпус немесе құрылыстың (шаруашылық-тұрмыстық қажеттiлiкке арналған жеке меншiк үй жанындағы жер учаскесiнде орналасқан құрылыстан басқасы) қосымша нөмiрi қосылады.
39. Мекенжай бiр объектiнiң әртүрлi бөлiктерi үшiн ортақ болып табылады.
Өтініш берушінің тұрақты немесе алдын ала реттік нөмірін беру туралы жазбаша өтінішіне мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жылжымайтын мүлік объектісінің құқық белгілейтін және құқық растайтын құжаттарын, немесе әділет органдарында белгіленген тәртіпте тіркелген жер учаскесіне құқық беру туралы қаулыны (салынған объектіні пайдалануға беру актісі, жекешелендіру туралы шарт, жылжымайтын мүлікті жария ету туралы шешім, заңды күшіне енген сот шешімі, сатып алу-сату шарты, сыйға беру шарты, айырбастау шарты, жер учаскесіне жеке меншік құқығына акт, тұрақты жер пайдалану құқығына акт, уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығы, уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы)), жаңа объектілерді салу және қолданыстағы объек-тілерді өзгертуге рұқсат беретін құжаттар) (түпнұсқа/көшірме);
2) бастапқы және/немесе қайталама объектінің техникалық паспорты (түпнұсқа/көшірме);
3) жеке тұлғаның жеке куәлігі (түпнұсқа/көшірме); заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (түпнұсқа/көшірме); өкілдің сенімхаты (түпнұсқа+көшірме);
4) М 1:500 масштабтағы топографиялық түсірілім (6 айдан астам емес) (түпнұсқа);
5) М 1:500 атқарушылық түсірілім (түпнұсқа) (қажеттілігі бойынша);
а) блоктың реттік нөмірі мен нөмірі (гараждар мен саяжайлар үшін) көрсетілген жергілікті мекеннің сәулетшісімен келісілген гаражды кооператив (бағбандық серіктестік) жер учаскесінің бас жоспары;
b. кооператив (гараждар мен саяжайлар үшін) мүшелерінің тізімі қосып мүшелікті растау туралы кооператив төрағасынан анықтаманы, жылжымайтын мүлік орталығы мұрағатынан қорытындыны (қажеттілігі бойынша);
6) жылжымайтын объектіні бұзу актісі (қажеттілігі бойынша);
Өтініш берушінің мекенжайын нақтылау туралы жазбаша өтінішіне мынадай құжаттар қоса беріледі:
7) әділет органдарында белгіленген тәртіпте тіркелген жылжымайтын мүлік объектісінің құқық белгілейтін және құқық растайтын құжаттарын (салынған объектіні пайдалануға беру актісі, жекешелендіру туралы шарт, жылжымайтын мүлікті жария ету туралы шешім, заңды күшіне енген сот шешімі, сатып алу-сату шарты, сыйға беру шарты, айырбастау шарты, жер учаскесіне жеке меншік құқығына акт, тұрақты жер пайдалану құқығына акт, уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығы, уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы);
8) жеке тұлғаның жеке куәлігі (түпнұсқа/көшірме); заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (түпнұсқа/көшірме); өкілідің сенімхаты (түпнұсқа/көшірме);
Жоғарыда көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен қатар түпнұсқасы ұсынылады, олар сәйкестендірілгеннен кейін құжат түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
40. Осы Қағиданың 39-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа шет елдік заңды тұлғалар сауда тіркелімінен жария етілген үзінді көшірмені немесе мемлекеттік және орыс тілдері аударамаларымен нотариалдық куәландырылған шет мемлекеттің заңнамасы бойынша шетелдік заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын немесе басқа жария етілген құжат ұсынады. Көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен қатар түпнұсқасы ұсынылады, сәйкестендірілгеннен кейін құжат түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
41. Сәулет органы өтініш берушілердің мекен жайды нақтылау бойынша өтінішін құжаттарды берген сәттен бастап, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау кезінде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барып, жылжымайтын мүлік объектісіне нөмір беру, оны өзгерту немесе жою кезінде –7 (жеті) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
3 (үш) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер қарау мерзіміне есептелмейді) өтініш беруші Қағиданың 39, 40- тармақтарында көрсетілген құжаттар тізімі толық тапсырмаған жағдайда өтініш берушіні қызмет көрсетуден бас тарту жөнінде жазбаша хабардар етеді.
42. Бiрiздi нөмiрленген нөмiрлерi бар екi ғимараттың, құрылыстың аралығында орналасқан ғимараттарды нөмiрлеудi (объектiлер қоюды), осы Қағидаға сәйкес тиiстi объектiнiң кiшi нөмiрiне бөлшек белгiсiн қосуды қолдана отырып жүргiзу қажет.
43. Дербес объектiлердiң (ғимараттар, құрылыстар) белгiлерi бар жалғастыра салынған, жапсарластыра-жанастыра салынған объектiлерге негiзгi ғимарат нөмiрiне әрiп қосу арқылы дербес реттiк нөмiр берiледi (қосымша символдар (бос орын, сызықша, бөлшек және т. б.) қолданусыз).
44. Мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алуға байланысты қарқынды бұзу жүргiзiлiп жатқан аумақтарда жобаланушы ғимараттар, құрылыстар үшiн реттiк нөмiрлердi резервке қоюға рұқсат берiледi.
45. Қайталама объектiлердiң реттiк нөмiрi ғимараттың басты қасбетiнен сағат тiлi бойымен (төменнен жоғары) берiледi. Нөмiрлеу 1-ден (бiрден) басталып, әрi қарай рет бойынша, ғимараттың бас-ты қасбетiнен сол жақтағы (бiрiншi) кiреберiстен басталуы тиiс. Қайталама объектiлерге нөмiрлеу жүргiзу, жылжымайтын мүлiктiң бастапқы объектiсi пайдалануға берiлгеннен кейiн жасалады.
46. Қайталама объектiлерге санатына байланысты қайталама объект түрi берiледi: пәтер, iшкi үй-жай, жанастыра салынған үй-жай.
47. Қайталама объектiлерге қайталама объектiнiң түрi көрсетiле отырып, үй-жайдың реттiк нөмiрi берiледi.
48. Жанастыра салынған қайталама объектiлерге ол орналасқан негiзгi ғимарат нөмiрiне тiркелген жанастыра салынған үй-жай нөмiрi берiледi. Жанастыра салынған қайталама объектiлерге негiзгi ғимараттан ерекшеленетiн дербес реттiк нөмiр берiлмейдi.
49. Қайталама объектiлердi бiрiктiрген кезде, бiрiктiрген объектiге үлкен нөмiр берiледi, мұнда кiшi нөмiр резервте қалады. Қайталама объектiлердi бөлген кезде, резервтiк нөмiр болмаған жағдайда, бөлiнген объектiге қайталама объектiнiң бұрынғы нөмiрi кiшi әрiптiк жазбаны бiрiктiре отырып берiледi.
50. Жылжымайтын мүлік объектісіне реттік нөмірді беру туралы бұйрық, өтініш иесі тарапынан «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорына және «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының болмаған немесе аталып өткен базаларда мекенжай туралы мәліметтер сәйкес келмеген жағдайда, жылжымайтын мүлікке мәмлені мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға ұсынылады.
51. Автомобиль жолдарының жол жиегіндегі жолағында орналасқан жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы мынадай құрамды
әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы;
ауданның атауы;
автомобиль жолдары атауы;
автомобиль жолдарының басынан шақырым қашықтығы мен құрылыс/құрылымының нөмірі. Мысалы: Астана қаласы, Алматы ауданы, Астана-Қарағанды тас жолы, 1 км, 2-құрылысын қамтиды.
52. Өндірістік ғимараттардың мекенжайы мынадай құрамды
қала атауы;
аудан атауы;
қаланың құрамдас бөлігінің атауы;
ғимарат пен құрылыстың нөмірі, блоктарға, корпустарға бөлген жағдайда қосымша элементті көрсетіп тиісті нөмірді береді. Мысалы: Астана қаласы, Алматы ауданы, Заводская көшесі, 25, 1-блок (1-құрылыс).
53. Объектiлердiң реттiк нөмiрi туралы ұйымдарда дайындалатын және шығарылатын деректер құжаттарын толтыру кезiнде жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң реттiк нөмiрлерiн ерiктi түрде жазуға рұқсат етiлмейдi.
54. Объект мекенжайын жазуда мекенжайдың толық мазмұндалуы талап етiледi.
55. Мекенжай мәліметтері МҚК ААЖ қалып­тастырылады.
56. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайлық мәлiметтерi құжаттар негiзiнде, ақпараттық ықпалдастық арқылы МҚК ААЖ «Мекенжай тiркелiмi» ақпараттық жүйесiне енгiзiледi.
57. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер мен қаланың құрамдас бөлiктерiн, мекенжайларды алуды, өзгертудi, жоюды нақтылайтын ресми құжаттардың сканерленген көшiрмелерi МҚК ААЖ-дегi «Мекенжай тiркелiмi» ақпараттық жүйесiне енгiзiледi.
58. Қате мекенжайлық мәлiметтер (жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң нөмiрлерi) болған жағдайда, сәулет және қала құрылысы органының ведомстволық бұйрығымен жылжымайтын мүлiк объектiсiне реттiк нөмiр берiледi.

5. Мекенжайды пайдалану

59. Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы жылжымайтын мүлік объектісіне байланысты мүліктік және өзге құқықтарын дұрыс ресімдеуді қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ келісілген кадастрды және тіркелімдерді жүргізу, жылжымайтын мүлік туралы ақпарттың бірыңғай жүйесін қалыптастыру, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін интеграциялау мақсатында қолданылады.
60. Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы жер учаскесінің шекарасын қалыптастыру тәсіліне әсер етпейді.
61. Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы техникалық паспорттарды қалыптастыру ережесіне әсер етпейді.
62. Ғимаратты пайдалануға беру кезеңдері мекенжайға әсер етпейді, сондай-ақ мекенжай ғимаратты салуға және бір немесе бірнеше кезеңдермен беруге мәжбүрлемейді.
63. Мекенжайды растау және өзгеруі туралы анықтама қандай да біреудің мекенжай объектісіне құқығын тікелей немесе жанама түрде растамайды.
64. Мекенжайдың өзгеруін растайтын анықтама мекенжай берілетін объектінің қандай да бір құрылыс немесе қала құрылыстық нормаларын қадағалаумен салынғанын растамайды.

6. Қорытынды ереже     

65. Осы Қағида меншік түріне және ведомстволық қажеттілігіне қарамастан жеке және заңды тұлғалардың пайда­ла­нуы үшін елді мекеннің барлық аумағына мін­дет­ті.
66. Осы Қағидалармен қамтылмайтын қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңна­ма­сы­мен реттеледі.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen − ten =