ЕЛДІ ЕҢБЕККЕ ҮНДЕЙТІН САЙТ

0 121

сайт

Қазақстанның ғаламтор кеңістігінде күн өткен сайын ақпараттық бағыттағы сайттар көптеп ашылуда. Жақында еліміздегі интернет басылымдардың қатарына танымдық бағытта ақпарат тарататын www.myprofession.kz фоторепортажды веб-сайты келіп қосылды. Жаңа порталды жасаушылар оқиғаны көркем суретпен сөйлетіп, нақты фактілермен айшықтап жеткізуді мақсат тұтқан.

Қызықты фоторепортаждардан құралған порталды интернет пайдаланушылар айрықша қызығушылықпен қабылдап үлгерді. Порталдың жетекшілері Асқар Беков пен Нұрлан Жұмахан түрлі жастағы және сан алуан әлеуметтік топтағы қауымның ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыру үшін шығармашылық топ барын салып жұмыс істейтінін айтады. Порталдың жұмысына кәсіби және әуесқой фототүсірушілер де өздерін толғандырған тақырыптар негізінде материалдарын жолдай алады.

Сайт жасаушылар қазақ жастарының өмірде мамандықтарды дұрыс таңдауына да жәр­дем­десуді көздеп отыр. Сондай-ақ, халықтың жаңа кәсіпті меңгеруіне және қоғамдық өмі­рі­мізде сұранысқа ие мамандықтардың қыр-сы­рын жастарға түсіндіру www.myprofession.kz сайтының басты жұмыстарының бірі болады. Бұдан басқа жаңа сайт ата-кәсібіміз мал шаруашылығын дамытудың құпияларын, егін және көкөніс, бау-бақша өсірудің маңызды тәсілдерін, құрылыс жүргізудегі ерекшеліктерін жан-жақты насихаттайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen − two =