«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елді елең еткізген

0 130

АҚШ Асадты ықтыра ала ма?

National Interest басылымының хабарлауынша, Сирия президенті Башар Асадты енді ешнәрсе қорқытпайды. Сондықтан АҚШ бұл елге әскери істе араласуын тоқтатуы тиіс.

АҚШ тарапы Башар Асадтың тақтан кетуін қалаған. Бірақ бұл енді мүмкін емес. Себебі қазір президенттің жақтастары артты. Сирия астанасы – Дамаск қаласында жиналған зиялы қауым өкілдері де, билік мүшелері де, ел тұрғындары да Башар Асадқа қолдау білдіріп отыр. Әрі болашаққа үлкен сеніммен қарайды.
«Бірнеше жыл бұрын Сирия президентінің бұрынғы күшіне қайта келуі мүмкін емес­тей көрінген. Енді Башар Асадты ешнәрсе алаңдатпайды. Мемлекеттің басым бөлігін өзіне қайтарды. Ол қарсыластарының бәрін жеңді. Оның үстіне Ресей және Иран елдерімен байланысы жақсы. Ал Американың Сирия жеріндегі әскери мақсаты күйреудің алдында тұр. Трамп әкімшілігі АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әрекетіне нүкте қоюы тиіс. Асад жеңді, ал Вашингтон жеңілді» деп жазады National Interest басылымы.

Медициналық туризм – табыс көзі

Түркия биыл медициналық туризмнен 1,5 млрд доллар пайда табуды жоспарлап отыр. Бұл туралы елдің туристік агенттігінің (TÜRSAB) басшысы Фируз Баглыкая мәлім етті.

– Медициналық туризмнен түсер табыс алғашқы жартыжылдықта 17 пайызға, яғни 600 млн долларға артты, – деп хабарлады «Anadolu» агенттігі.
Фируз Баглыкаяның айтуынша, Түркияның медициналық туризмі жыл өткен сайын дамып барады. Былтыр дәл осы саласынан 1 млрд доллар табыс түсіпті. Түркия статистикалық институтының мәліметі бо­йынша, 2013-2017 жылдар аралығында кіріс көзі 4,4 млрд долларды құраған екен.
2018 жылдың алғашқы алты айында Түркияға ем іздеп, 274 мың шетелдік барған екен.

Ауызсудан уланды

Ирактың Басра провинциясында сапасыз ауызсудан уланғандар саны 111 мың адамнан асып түсті. Бұл туралы БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары кеңсесінің басшысы Махди ат-Тамими мәлімдеді.

«РИА Новости» агенттігінің хабарлауынша, тамыз айының басында оңтүстік провинция жағы ауызсу мен электр энергиясының тапшылығына тап бол­ған. Мұның арты тұр­ғындардың жаппай наразылығына жалғасқан болатын. Нәтижесінде қақтығыс орнап, 10-нан аса адам көз жұмды.
Осы себепті шұғыл түрде өткізілген парламент отырысында ешқандай мәселе ше­шілмеді. Ал премьер-­министр Хей­дар аль-­Абади парламент мү­шелерін оңтүстіктегі жағ­дайды саяси мақсаттарына пайдаланды деп айыптады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды