«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елді елең еткізген

0 256

КОРЕЯНЫҢ ЭКС-ПРЕЗИДЕНТІ СОТТАЛДЫ

Кореяның экс-президенті Пак Кын Хе соттың үкімімен тағы 8 жылға үкім алды.

Соңғы өткен сот елдің бұрынғы басшысына партиялық қызметтің әрекетіне қол сұқты және мемлекет мүлкін талан-таражға салды деген айып тақты. Қазылар шешімімен ол Ұлттық барлау агенттігінің бюджетінен қаржы алғаны үшін алты жылға сотталды. Оған сондай-ақ 3,3 млрд вон (3 млн-ға жуық доллар) айыппұл салынды. Үкімге өзінің президенттік кезеңінде билеуші партия атынан сайлауға кандидат тағайындауға заңсыз қатысқаны үшін тағы екі жыл қосылды.
Сеул орталық соты биылғы сәуірде болған сот отырысында Пак Кын Хе ханымды 24 жылға соттаған болатын. Содан бір жыл алдын қамауға алынған оған 18-бап бойынша айып тағылды. Соның бастысы елдегі ірі корпорация­лардан көп мөлшерде пара алуы еді.

ТРАМП ПУТИНДІ САПАРҒА ШАҚЫРДЫ

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинді Вашингтонға іссапармен келуге шақырды.
Ақ үйдің қожайыны Кремльдің егесімен 16 шілде күні Хельсинкиде өткен кездесуден кейін өз елінде көптеген саясаткерлердің шабуылы астында қалғанына қарамастан, осындай қадамға тәуекел етті. Ол Путинді күз айларында Вашингтонда көргісі келетінін жеткізді.
АҚШ президентінің баспасөз хатшысы Сара Сандерс қазір бұл мәселе жөнінде екі жақты талқылау жүріп жатқанын айтты. Бұдан бұрын Трамп Ресей президентімен келесі кездесуді асыға күтіп жүргенін мәлімдеген болатын. Ол екінші кездесуде терроризмге қарсы, Израильдің қауіпсіздігі мәселесі, ядролық қаруды таратпау, кибершабуыл, экономикалық ынтымақтастық, Украина мен Сирия, Солтүстік Корея туралы кеңірек кеңесуге асық болып отыр.

CHARLIE HEBDO ЕНДІ ҚҰРАМАҒА ШҮЙЛІКТІ

Француздың сатиралық Charlie Hebdo апталық журналы тағы жұртты елең еткізетіндей әрекет жасады.
Өзінің ерсі қылықтарымен танылған басылым бұл жолы әлем чемпионы атанып қайтқан ел құрамасы мүшелерін маймылдар ретінде суреттеп көрсетті. Нөмірдегі тағы бір суретте мундиаль мінберінде тұрып, финалдық ойынды тамашалаған Франция президенті Эммануэль Макрон да тұр.
Ал маймыл кейпіндегі ойыншылар өздерінен жүлде ретінде не алғылары керек екенін сұрағанда, бір ауыздан: «Банан!» деп жауап береді.
Сыншылар журналдың бұлай көрінуіне құрама сапындағы саңлақтардың дені Африка құрлығынан шық­қандар екендігі себеп болғанын айтып жатыр.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды