«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елді елең еткізген [21 маусым]

0 202

КИМ ЧЕН ЫН ҚЫТАЙҒА НЕГЕ БАРДЫ?

КХДР лидері Ким Чен Ын сейсенбі күні Қытайға екі күндік ресми сапармен келді. 

Бұл оның соңғы үш айда Бейжіңге үшінші мәрте жасаған сапары екен. Бірақ бұған дейінгі екі ретінде Солтүстік Корея басшысы елге қайтып орал ғаннан кейін ғана оның сапары туралы хабар таратылып келген еді. Ал бұл жолы белгісіз бір себептермен оқиға жайында жарыса хабар беріле бастады. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, сапардың мақ саты 12 маусымда Сингапурде өткен АҚШ және КХДР басшыларының тарихи саммитінің қорытындылары, сондай-ақ Корей түбегін қарусыздандырудың келешегі жайында ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен пікір алмасу болып отыр. «Тараптар КХДР және АҚШ басшыларының тарихи саммитінен кейінгі нәтижелер, бағалар, пікірлер мен позициялар туралы өзара пікір алмасты. Олар Корей түбегін қарусыздандыру жөніндегі мәселелер бойынша өздерін қызықтыратын жайттар жөнінде ой бөлісті. Ал кездесудің қорытындысында екі ел лидерлерінің қандай нақты тұжырымға келгендері әзірге белгісіз.

АҚШ ТАҒЫ БІР ҰЙЫМНАН БАС ТАРТТЫ

Америка Құрама Штаттары тағы бір жаһандық ұйым – БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі кеңесінен шығады.

Бұл туралы кеше АҚШ-тың БҰҰ жанындағы уәкілетті өкілі Никки Хейли мемлекеттік хатшы Майк Помпеомен бірге өткізген баспасөз мәслихатында айтып берді. «Біз өз ұстанымымыз адам құқығын қорғауды келемежге айналдырып отырған ұйымның екіжүзділігімен үйлеспейтін болғандықтан, осындай қадамға барып отырмыз» деп атап өтті ол. Хейли ханым АҚШтың бұған қарамастан, адам құқығын сақтау жөніндегі бағытынан айнымайтынын қоса келіп, белгілі бір жағдайларда осы мәселеге байланысты Адам құқығы жөніндегі кеңес пен бірге жұмыс істеу мүмкіндігін жоққа шығармады. «Біз Адам құқығын қорғау жөніндегі кеңесті реформалау керектігін белсене көтере береміз» деді ол. Ал Помпео БҰҰ-ның аталмыш кеңесі адам құқығын қорғамайды, оны қайта бүркемелейді дегенді айтты. Оның пікірінше, «екіжүзді» кеңес «адам құқығы бұзылды» деген желеумен бұған тіпті қатысы жоқ елдерді айыптаудан айылын жимайды. АҚШ-тың бұл қадамын Израильден басқа ешкім қолдап отырған жоқ.

КАНАДА ЕСІРТКІГЕ ЕРІК БЕРДІ

Канада сенаты елде марихуананы сату мен қолдануға рұқсат етілетін заң қабылдады.

Есірткінің бір түрін пайдалануды заңдастырып беріп отырған заңды қолдап 52 сенатор дауыс берсе, 29 депутат бұған қарсы шықты. Енді жаңа заңның жобасына сәйкес, елдің кәмелетке жеткен кез келген азаматы 30 грамм есірткі сатып алуға немесе үйінің жанынан төрт түпке дейін наша егуге құқылы. Тек алкоголь мен темекі сататын жерде ғана марихуананы таратуға рұқсат жоқ. Заң екі айдан кейін күшіне енеді. Соған дейін елдегі әр провинция өз жерінде сора егуді реттеп отыратын ереже жасап ала алады. Канаданың денсаулық сақтау министрі Джинетт Петитпас Тейлор ханымның айтуынша, ел ақылды да әділ саясат дәуіріне көшіп келеді.

Серік ПІРНАЗАР

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды