Елдер арасын жалғаған шара

0 17

Елордада Ресейдің Қазақстандағы мәдениет күндері өтіп жатыр. Осыған орай, мемлекеттік симфониялық оркестрімен бірге Ресейдің жетекші орындаушыларының қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылды.

f937c14386e3f650fabfc406d31bd5dd_XL

Онда романстар, орыс композиторларының операларынан ариялар және заманауи авторлардың шығармалары орындалды. Сондай-ақ мәдениет күндері аясында 12-17 қазан аралығында «Вологда шілтері» көрмесі өтеді.

– 2019 жылы Ресей Федерациясында Қазақстанның мәдени күндері өткізілген болатын. Араға екі жыл салып, карантин шараларының жеңілдеуіне байланысты енді Ресей Федерациясын зор қуанышпен қарсы алып жатырмыз. Мұны үлкен мәдени іс-шара деп атасақ артық болмас. Бұл – Қазақстан мен Ресей Федерациясының арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтатын ірі жоба, – деді Мәдениет және спорт министрлігі БАҚ-пен байланыс департаментінің өкілі Еламан Төлепберген.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 2 =