Елбасы Үкімет басшысын қабылдады

0 16

Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның саяси кеңесі бюросының мүшесі, ­Премьер-министр Асқар Маминді қабылдады.

Кездесуде Елбасыға 2020 жылы әлеуметтік-экономикалық және санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралардың нәтижесі туралы баяндалды.
Тұңғыш Президент 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланыс­ты Үкімет жұмысы күрделі жағдайда өткенін айтты. Елбасы ұлттық экономиканың тұрақтылығын сақтау және стратегиялық даму бағдарламаларын іске асыру жөніндегі Үкіметтің дер кезінде қабылдаған шараларына тоқталып, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өскенін атап өтті.
Премьер-министрдің мәліметіне сәйкес, негізгі капиталға салынған инвестициялар 17 процентке ұлғайып, жұмыссыздық 5 процентті құрады. Жеңіл өнеркәсіпте 16 процент, фармацевтикада 40 процент, машина жасауда 16 процент, құрылыста 12 процент және басқа салаларда да өсім бар.
Сондай-ақ, Елбасына еліміз бо­йынша 19 мыңға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік берген Индустрия­ландыру картасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ақпарат берілді. А.Мамин өз сөзінде мемлекеттік органдардың, қоғамдық институттардың бірлескен іс-қимылы және Nur Otan партиясының белсенді жұмысының арқасында Қазақстанда пандемияның жаппай өршуіне жол берілмегенін атап өтті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

10 + 12 =