ЕЛБАСЫ ТАПСЫРМАСЫН ОРЫНДАУҒА КІРІСТІ

0 119

Астана әкімі Әсет Исекешев «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ кеңсесінде қаланы халықаралық көрмеге дайындау және елорданы дамыту мәселелері бойынша кеңейтілген кеңесте Мемлекет басшысының айтқан ескертулері бойынша таңертеңнен қала нысандарын аралап шықты, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

345

Қала басшысы тұрғын алаптарының құрылыс алаңдарында болып, олардың санитарлық жағдайын, абаттандыру ережелерінің сақталуын, дөңгелек жуу бекеттерінің және ол жерден автожолға де­йінгі қатты төсемнің бар-жоғын тексерді. Әкім тиісті ведомстволардың басшыларына абаттандыру мәселелерін бір апта ішінде шешу туралы тапсырма берді, сондай-ақ, абаттандыру және санитарлық күтіп-ұстау ережелерін сақтамағандарды жауапкершілікке тартуды бұйырды. Әкім қала аумағындағы заңсыз құрылыс үйінділерін жойып, құрылыс алаңдарында қатты тұрмыстық қалдықтарды үюге жол бермеуді талап етті.

Сонымен бірге елорда басшысы қаланың орталық және қосалқы көшелерімен жүріп өтіп, үш ауданның ықшам аудандары мен тұрғын алаптарын аралады, осылайша жол төсемінің, тротуарлардың, ғимараттардың қасбеттерін, көшені жарықтандыру тіректерінің, жаяу жүргінші жолдарының және көгалдардың жағдайын қарады. Аулааралық жол өткелдері, көлік көп қойылатын орындар мен паркингтер тексерілді.

Нәтижесінде қала әкімі елордадағы нысандар, аулалар мен көшелер тазалық пен тәртіп талаптарына жауап беріп, тұрғындар үшін қауіпсіз болуы керектігін атап көрсетті. Жауапты қызметтердің басшыларына барлық қоғамдық нысандардың жағдайын күнделікті бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар, қала басшысы талаптарды орындамаған қандай да бір учаске үшін жауапты бірінші басшылар, оларға қарайтын жұмыскерлер қатаң жазаланатынын жеткізді. «Тиімсіз жұмысы анықталған жауапты ұйымдарға қатысты әкімшілік түрдегі қатаң шаралар қабылданады» деп мәлім етті әкім.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 − 1 =