Елбасы шақыруын табыс еттi

0 74


Астана әкiмi Иманғали Тасмағамбетов Ресейдiң iрi дiни конфессияларының басшыларына ҚР Президентi Н.Назарбаевтың Әлемдiк және дәстүрлi дiн көшбасшыларының IV съезiне шақыруын табыс еттi.
Атаулы шақыруды қабыл алған Мәскеу және Бүкiл Ресей Патриархы Кирилл дiнаралық және конфессияаралық сипаттағы мәселелер үлгiлi деңгейде шешiмiн табатын «қасиеттi қазақ жерiне» жасаған сапарын зор iлтипатпен еске алатындығын атап өттi. «Менiң Қазақстан туралы пiкiрiм өте жақсы екендiгiн айтқым келедi. Мен өз елiнде, Ресейде және әлемде де беделi өте жоғары Қазақстан Президентiмен кездесуiмдi еске аламын. Сiздер арқылы елдерiңiзде жүзеге асырылып жатқан дiнаралық және ұлтаралық татулықтың жоғары деңгейi үшiн тағы бiр мәрте Қазақстан басшылығына алғыс бiлдiргiм келедi», – дедi ол. Сонымен қатар, ол әлемнiң көптеген елдерi үшiн дiнаралық және ұлтаралық қатынас мәселесi өте өзектi екенiне тоқталып, оның шешiлуi мемлекеттiң және ұлтаралық қоғамдастықтың болашағына әсер ететiндiгiн баса айтты.
Елбасы шақыруы Ресей Муфтийлер Кеңесiнiң төрағасы Равиль Ғайнутдинге де табыс етiлдi. Ол өз кезегiнде Қазақстан басшылығының шақыруын зор қуанышпен қабылдайтынын айтып, қазақстандық тарапқа Мәскеудегi мешiттi қайта жөндеу туралы бастамаға қолдау бiлдiргенi үшiн алғысын жеткiздi.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five + seventeen =