©2020 Астана Ақшамы
Елбасы қытай елінде
Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуі жоспарланған, оның барысында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою қарастырылған. Аталған құжаттар екі елдің арасындағы экономикалық және инвестициялық қарым-қатынастарды нығайту, мұнай саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қамтиды деп күтілуде. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Боао азиялық форумы 12-сессиясының жұмысына қатысады және оған қатысатын халықаралық делегация басшыларымен келіссөздер жүргізеді.
Кеше Нұрсұлтан Назарбаев танымал Сhina Daily газетіне сұхбат берді. Сұхбат барысында Қазақстан көшбасшысы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, энергетикалық және шикізаттық емес сектордағы байланыстарға өз бағасын беріп, Қытайдың 2017 жылы елордада өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесіне атсалысуын сөз етті. Сhina Daily – ҚХР-дағы өте танымал басылым, оның ағылшын тілінде шығатын газеттер арасында таралымы үлкен – 500 мың дананы құрайды. Қытайдың Бейжің және Шанхай ірі мегаполистерінен басқа Нью-Йоркте, Вашингтонда және Лондонда таралады.