Елбасы қабылдады

0 35

Тұңғыш Президент Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі болжам, сондай-ақ пандемия кезіндегі әлем нарығындағы экономикалық ахуалға жасалған шолу таныстырылды. Елбасыға қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары және экономикалық өсімді қалпына келтірудің кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат берілді. Ұлттық банк төрағасы Қазақстанның халықаралық резервтерінің жағдайын, Ұлттық қор мен Бірыңғай жинақтаушы зейнет­ақы қоры активтерін басқару жұмыстарының алдын ала нәтижелерін баяндады.
Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Кездесуде Елбасына 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қарулы күштердің жауынгерлік және жедел дайындығы нәтижелері, сондай-ақ оны жетілдіру бағытында қабылданған шаралар туралы баяндалды. Сонымен бірге қорғаныс министрі әскери медицинаның дамуы және Қарулы Күштердің COVID-19 пандемиясына қарсы іс-шараларға атсалысқаны жөнінде айтып берді. Кездесу қорытындысы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 + twenty =