Елбасы «Праймеризге» тіркелді

0 18

Тұңғыш Президент – Елбасы, Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев үміткерлерге дауыс беру үшін «Праймериз» жүйесіне тіркелді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев кандидаттардың сайлауалды бағдарламасымен танысып, дауыс беру процесіне қатысу үшін «Праймериз» ақпараттық жүйесінде авториязациядан өтті. Өздеріңізге белгілі, праймериздің онлайн дауыс беру рәсімі биыл 1-3 қазан аралығында өтеді» деп жазды Айдос Үкібай.
Nur Otan праймеризі партияның көшбасшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен еліміздің партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет республикалық партияішілік сайлау ауқымында өтеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 + seventeen =